
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау туралы

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес 4 бағытта жүргізіледі: әлеуметтік бейімдеу, кәсіптік бейімдеу, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, қаланың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету.
1. Әлеуметтік бейімдеу.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шарала медициналық-сараптама бөлімшесе беретін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік бейімдеу аясында мүгедектігі бар адамдар арнайы жүріп-тұру құралдарымен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен (сурдоқұралдар, тифлоқұралдар, гигиеналық құралдар) қамтамасыз етіледі, санаторий-курорттық емдеу, жеке көмекшілердің және ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамдарды Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбелеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету аясында жоғарыда көрсетілген оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не олардан құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат алған адамдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелеріне, «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына өтінішті, оның жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжатты, нотариаттық куәландыруды талап етпейтін сенімхатты ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларында әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді мамандар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтермен және оңалтудың техникалық құралдарымен бір жыл ішінде, тиісті күнтізбелік жылға жоспарланған қаржыландыру болған кезде «Е-Собес» ААЖ-де тіркелген өтініш берілген күн бойынша қалыптастырылатын кезектілікке сәйкес қамтамасыз етіледі.
2. Кәсіптік оңалту.
Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту аясында Саран қаласында жыл сайын меншік нысанына қарамастан (штат саны 30 адамнан асатын) қаланың кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленеді, ол Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту аясында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, мүгедектігі бар адамдар басым тәртіппен кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіледі. Оқу орындарын аяқтаған адамдар – жастар практикасына жіберіледі. Тұрақты жұмыс орындарына мүгедектігі бар адамдар олардың ауруларын және физикалық жай-күйлерін есепке ала отырып, жіберіледі.
Кәсіптік оңалту шараларын айқындау үшін мүгедектігі бар адамдар Саран қаласының мансап орталығына жүгіне алады, өзімен бірге жеке куәлігі (сәйкестендіру үшін), мүгедектігі туралы анықтама, жұмысқа орналастыру жөніндегі медициналық ұйымның дәрігер-консультациялық комиссияның анықтамасы, егер бар болса, абилитациялау мен оңалтутың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігі болуы қажет.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну.
Мүгедектігі бар бірінші, екінші топтағы адамдарға және мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер үйдде, стационар және жартылай стационар жағдайында, абилитациялау мен оңалтудың жеке бардарлармасына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес ұсынылады.
Стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ресімдеу үшін мүгедек адамдар немесе олардың заңды өкілі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелеріне, «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына өтінішті, оның жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін), нотариаттық куәландыруды талап етпейтін сенімхатты ұсынады.
Жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжатты немесе көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен ЖСН (сәйкестендіру үшін) бар электрондық құжатты, амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзінді көшірмесі бар медициналық картаны ұсыну қажет. Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж адамдар үшін амбулаториялық картадан үзінді көшірме талап етілмейді, ал 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі талап етіледі.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларында әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді мамандар тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Он сегіз жастан асқан адамдар үшін ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған кезде өтінішке адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.
Стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж мүгедектігі бар адамдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиісті орталықтарына және оңалту орталықтарына «Е-Собес» ААЖ-де тіркелген өтініш беру күні бойынша қалыптастырылатын кезектілік негізінде жіберіледі.
4. Мүгедектігі бар адамдардға қаланың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету аясында меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар мен мекемелердің басшыларымен консультативті-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі, Саран қаласы мен Ақтас поселкесінде орналасқан объектілерді зерттеу жүргізіледі.
Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған 8 қалалық маршрут 11 автобус қызмет көрсетеді.
Мүгедектігі бар адамдарды қаланың аумағында орналасқан объектілерге қолжетімділік деңгейі туралы ақпараттандыру үшін объектілер туралы мәліметтер «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» порталындағы «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Мүгедектігі бар адамдарды автомобиль көлігімен (инватакси) тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2014 жылдан бастап көлік қызметтеріне қолжетімділікті қосымша қамтамасыз ету аясында мүгедектігі бар адамдарға көлік қызметтері тегін ұсынылады.
Инватакси қызметі «Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 102 бұйрығына сәйкес медициналық көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адамдарға көрсетіледі.
Мүгедектікті белгілеу мерзіміне берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның 026/у нысаны бойынша қорытындысы мүгедектерге инватакси қызметін ұсыну үшін негіз болып табылады.
Қызмет алу үшін мүгедектігі бар адам осы қызметті көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (16 жасқа дейінгі балаларға);
3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
Бірінші кезектегі тәртіппен инватакси қызметтері жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес мүгедектігі бар жұмыс істейтін және білім алатын адамдарға ұсынылады. Мүгедектігі бар басқа адамдарға инватакси қызметтері олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады.
Инватакси қызметтері белгіленген инватакси қызметтерін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің Тізбесіне сәйкес көрсетіледі:
1) мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;
2) мүгедектігі бар адамның оқу орны;
3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
4) сот, прокуратура;
5) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;
6) заң консультациялары;
7) нотариус;
8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);
9) әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар;
11) мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері үшін массаж қызметтерін көрсететін ұйымдар.
Барлық сұрақтар бойынша «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жүгіну қажет, мекенжайы: Саран қаласы, Жеңіс көшесі 45, жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін. Анықтама телефоны: 8 (72137) 7-68-05.
Мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы болу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де, «Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ Саран қаласының мансап орталығында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҮЕҰ Саран қаласындағы филиалында, «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ-де өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жабдықталған.
Әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру және абилитациялау мен оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) іске қосылды, ол мүгедектігі бар адамдарға оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді мемлекет кепілдік берген бағалар бойынша тікелей жеткізушілерден дербес сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады. Бұдан бөлек, Порталда азамат оларды таңдаған кезде қосымша ақы төлеген жағдайда неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі ұсынылады. Порталда қызметтерді алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.
Мүгедектігі бар адамдар берген өтініштер тиісті күнтізбелік жылға бөлінген қаржыландыру ескеріле отырып, орындау үшін Порталға жіберіледі. Өтініш бергеннен кейін қызмет алушыларға ұялы телефонға тапсырыс беруге мүмкіндік беру туралы СМС келеді.
Сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар Порталмен өз-өзін еқызмет көрсету бұрышында қолдана алады. Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (72137) 7-68-05, 8 (778) 979-66-32.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 03 қараша 2026Талдамалық мақалаМүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау туралы
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0116 қыркүйек 2025Адель Дархановнаны қолдауға арналған қайырымдылық концерті
0127 тамыз 2025«Біздің Конституцияның түсі»
0127 тамыз 2025«Конституция - мемлекеттің тірегі»


