"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Балқаш қаласы әкiмдігінің 2020 жылғы «20» желтоқсандағы №57/16 ҚАУЛЫСЫ
"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Балқаш қаласы әкiмдігінің 2020 жылғы «20» желтоқсандағы №57/16 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Жаксылыкова Саягуль Жаксылковнаға жүктелсін.
19
Жарияланған күні
12 ақпан 2021 00:00
Жаңарту күні
12 ақпан 2021
Түрі