«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Дене шынықтыру және спорттың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге байланысты басқарманың қызметіне басшылық етеді; дене шынықтыру және спортты дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі сұрақтарға басшылық етеді. Меншік түріне қарамастан спорттық ұйымдардың қызметін үйлестіреді; облыс аумағында материалдық-техникалық базаны дамыту, спорт объектілерінің құрылысы мен жөндеу жөніндегі жұмысқа басшылық етеді. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын дамытуға, жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлауға, облыс құрама командаларының және жеке спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуына бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылатын спорттық нысандарды жоспарлау, салу және жөндеу бойынша жұмысты үйлестіреді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық үйірмелерде мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жұмысқа бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік спорттық тапсырысты жариялаудың барлық кезеңдері мен рәсімдерін орындау және мақсатты игеру бойынша жұмысты үйлестіреді. Жан басына нормативтік қаржылардыру аясында мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыруға қатысты басқарманың бағдарламалары бойынша есептік операциялардың жүргізілуін, қазынашылықпен жұмысты (төлем есепшоттары, қазынашылық жүйесінде шоттарды қалыптастыру) жүргізуді үйлестіреді. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын бақылайды. Мемлекеттік сатып алулар бойынша есепке алуды және есептілікті үйлестіреді. Директивті құжаттардың, облыс әкімі өкімдері мен шешімдерінің, басқарма бұйрықтарының орындалуын қадағалайды. Басқарманың негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты бақылайды. Саланы жоспарлау мәселелерімен айналысады, басқарма қызметкерлерінің орындаушылық тәртібін бақылауды жүзеге асырады. «Ашық деректер», «Ашық бюджет», «Ашық диалог», «Ашық НҚА» критерийлері бойынша қызметтің тиімділігін бағалау шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз етеді (ақпаратты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-күнінен кешіктірмей «Ашық деректер» бойынша облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасына, «Ашық бюджет» бойынша облыс әкімдігінің қаржы басқармасына, «Ашық диалог» бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына, «Ашық НҚА» бойынша облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне ұсыну). Басқарманың ресми интернет-ресурсының орындалуын және толтырылуын бақылауды және қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының толтырылуын қамтамасыз етеді
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.sharipova@sko.gov.kz
- 07.07.2026
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58
-
87152340216