"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" КММ инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімнің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Орман шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Музыкалық білім
  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Мәдениеттану
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Сәулет
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Ақпараттық жүйелер
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Туризм
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы
  • Білім: информатика
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • География - Тарих
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

Қоғамдық-саяси ахуалды, жетекшілік ететін қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, экономиканы реформалау мен халықтың тұрмыс деңгейін, соның ішінде әкімшілік-аумақтық құрылымды мониторингтеп, талдайды. Облыс әкімі, мемлекеттік органдардың және ресми тұлғалардың жетекшілік ететін ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) немесе облыстық мемлекеттік органға жұмыс сапарлары мен мақсатты іс-сапарларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Солтүстік Қазақстан облысының ресми іс-шараларының протоколын сақтау қамтамасыз етіледі. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша басшылықты оперативтік және жоспарлы түрде хабардар етеді. Жетекшілік ететінбасқармалардың, қала мен аудандардың қызметіне жалпы мониторинг жүргізеді. Жетекшілік ететін басқармалардың, қала мен аудандардың қызмет салалары бойынша кеңестерді дайындау және өткізу жұмыстарын жүзеге асырады. Облыс әкімі мен облыс әкім аппараты басшысының қатысуымен өткізілетін мәдени-ағарту және спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімі мен аппараты басшысы мен жергілікті атқарушы және өкілдік органдар арасындағы ұйымдастырушылық және ақпараттық байланыс қамтамасыз етіледі. Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс әкімі шешімдері мен бұйрықтарының орындалуын қала және аудан әкімдері, облыстық атқарушы органдар басшылары арқылы бақылау және тексеру жүргізеді. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, облыстық және жергілікті атқарушы органдар, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінің аппараттарымен өзара іс-қимыл жүзеге асырады; басқа бөлім басшыларымен келісу немесе облыс әкім аппараты басшысының тапсырмасы бойынша бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді, материалдар мен құжаттарды дайындауға қызметкерлерді тартады. Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу үшін ұсыныстарды қарау және келісуге қатысады, соның ішінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану, облыстық басқармалармен бірлесіп іске асыру барысын бақылау және талдау жұмыстарын жүргізеді. Облыс әкімі жұмыс сапарларының есебін жүргізеді (тіркеу журналы), облыс әкімі бас инспекторларының іссапарларын есепке алады (тіркеу журналы жүргізіледі). Облыстық және аудандық БАҚ-ты мониторингтейді, БАҚ мониторингі нәтижелері бойынша қызметтік аналитикалық жазбаларды ай сайын дайындайды, күнделікті оперативтік ақпаратты әзірлейді. Облыс әкімі мен облыс әкім аппараты басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді; жетекшілік ететін аудандар, Петропавл қаласы және жергілікті атқарушы органдардағы жағдай туралы аппараты басшысына, инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысына тұрақты түрде хабардар етеді. Президент, Парламент, жергілікті өкілдік және өзін-өзі басқару органдары сайлауларын, референдумдар мен облыстық іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Тапсырмалардың орындалуын мониторингтеу нәтижелері бойынша қызметтік аналитикалық жазбаларды, сондай-ақ облыстың сыртқы экономикалық және гуманитарлық байланыстарын, инвестициялық белсенділігін ай сайын дайындайды. Қажет болған жағдайда орынға шығу арқылы жеке және заңды тұлғалардың облыс әкіміне және басқа органдарға жазбаша арыздары мен шағымдарын қарайды, қорытындылар мен жауаптар дайындайды. Заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарайды және тиісті шараларды қабылдайды. Облыс әкімі мен облыс әкім аппараты басшысының жеке қабылдауын ұйымдастырады. Мемлекеттік органдардан облыс әкіміне берілетін жеке және заңды тұлғалардың арыздарына дайындалған жобалардың сапасын бақылауды жүзеге асырады; қажет болған жағдайда қосымша орындаушыларды қосу немесе сапасыз жобаларды қайта қарау үшін ұсыныстар енгізеді. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарына сапасыз қарау немесе белгіленген мерзімде орындамау үшін жауапкершілік атқарады.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2026 – 30.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

02.07.2026

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58

Анықтама алу үшін байланыс

8-7152-34-02-16