"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" КММ бірынғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Информатика
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Ақпараттық жүйелер
  • Қаржы
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Өңірде кадр саясатын жүзеге асырады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің персоналды басқару стратегиясын әзірлейді және іске асырады. Мемлекеттік органдардың кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдайды және жоспарлайды. Өңірдің мемлекеттік органдарының кадрлық құрамын қалыптастырады. Еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Персоналды басқару стратегиясын іске асыруда барлық деңгейдегі басшыларға қолдау көрсетеді, нақты механизмдерді әзірлейді және үдерістерге жалпы басшылықты жүзеге асырады. Облыстық және аумақтық атқарушы органдармен, аудандар мен қала әкімдерінің аппараттарымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, төменгі буын әкімдері аппараттарының, облыстық мемлекеттік басқару органдарының орындалуын бақылайды, белгіленген тәртіппен аппарат басшысын олардың орындалмау себептері туралы хабардар етеді. Өңірдегі кадр жұмысының жай-күйін зерделейді және талдайды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің жиі ауысуына мониторинг жүргізеді, анықталған проблемаларды шешу жөнінде талдамалық материалдар мен ұсыныстар дайындайды, оларды аппарат басшылығына ұсынады. Облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың қызметкерлері бойынша «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде кадрлық іс жүргізуді уақтылы және толық жүргізуді қамтамасыз етеді.Облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың кадр бойынша тоқсан сайынғы, жылдық және басқа да есептерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға, басқа да жоғары тұрған органдарға дайындайды. Кадр мәселелері жөніндегі облыс әкімінің өкімдерін, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын дайындайды. Кадр     мәселелері       бойынша          облыс  әкімінің             нормативтік     актілерінің жобаларын дайындайды. Облыс әкімінің кадр мәселелері жөніндегі қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қажетті құжаттарды ресімдейді және оларды аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады. Заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес қажетті құжаттарды ресімдейді және қызметтік тергеу жүргізуді ұйымдастырады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің атқарушы органдары үшін бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастырады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі облыстық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәніне Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисіне мониторингті  жүзеге асырады  және тиісті  анықтамалар дайындайды. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы, әлеуметтік желілердегі жағымсыз жарияланымдарға мониторинг және талдау жасауды жүзеге асырады. Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізуді қамтамасыз ету. Өңірдің мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерін конкурстан тыс тағайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады. Мемлекеттік     наградалар      бойынша          жұмысты           жоспарлайды  және ұйымдастырады. Облыстың қала және аудан әкімдері аппараттарынан, облыстық басқармалар мен департаменттерден келіп түскен марапаттау материалдарын жинауды және өңдеуді (марапаттау істерін ресімдеуді) жүргізеді. Наградтауды ұйымдастыруды, наградталғандарды есепке алуды және талдауды, наградалық іс жүргізуді, электрондық деректер базасын жүргізуді, наградалық  материалдарды «workspace.akorda.kz» бағдарламасында ресімдеуді жүзеге асырады. Облыстың Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің алғыс хатымен және құттықтау хаттарымен марапаттауға облыс әкімінің материалдарын, өкімдерін дайындайды. СҚО  әкімі     аппаратының  мемлекеттік     қызметшілерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тағылымдамасын, кәсіби бейімделуін және тәлімгерлігін ұйымдастырады.СҚО әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін қалыптастырады. СҚО әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі және жалпы конкурстарды дайындауды және өткізуді жүзеге асырады. СҚО әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады. Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін СҚО әкімі аппараты қызметкерлерінің өтілін есептеуді жүзеге асырады. Облыс әкімі, облыс әкімі аппаратының басшысы, жетекшілік ететін басқармалардың басшылары тағайындайтын мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізбесіне кіретін адамдардың қызметтік тізімдерін дайындайды. «А» және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді жүргізеді. Облыс  әкімі     аппаратының  мемлекеттік     әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына  қойылатын біліктілік талаптарының жинағын қалыптастырады. Аудан және Петропавл қаласы әкімдерінің, басқарма басшыларының, СҚО әкімі аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау қажеттілігіне талдауды жүзеге асырады. Ұйымдастыру және кадр жұмысы мәселелері бойынша қала және аудандар әкімдерінің аппараттарына, жергілікті атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді. Заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Бұрыштамаларды қалыптастыруды жүзеге асырады, электрондық құжат айналымы жүйесінде құжаттардың жобаларын дайындауды жүргізеді.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2026 – 30.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

02.07.2026

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58

Анықтама алу үшін байланыс

8-7152-34-02-16