«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ бюджетті орындау және қаржылық есеп беру қызметінің бас инспекторы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
320340
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Қаржы басқармасына төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы бухгалтерлік есептілікті (айлық, тоқсандық, жылдық) сапалы жасау және уақытылы ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бағдарламалар бойынша жинақтауды жүзеге асырады; ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша шоғырландырылған бухгалтерлік есепті жасайды және облыстық қаржы басқармасына есеп береді (тоқсандық және жылдық). Кредиттердің (ассигнования) және нақты шығыстардың талдамалы есебін, сондай-ақ қосалқы шоттар бойынша таратуды енгізеді, № 308 нысан бойынша «Бас журнал» кітабын жүргізеді. Аппарат қызметкерлерімен жалақы бойынша есеп айырысу саласында әкім аппаратының бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады, 110 және 120 кіші сынып бойынша жалақының кредиторлық және дебиторлық берешегі бойынша бухгалтерлік есептілікті (жартыжылдық, жылдық) жасайды және қаржы басқармасына уақытылы ұсынады, 1-25 нысанда желілер мен штаттар бойынша жоспар жасайды, №5, №6, №7 нысандарда нақты төленген, есептелген, күтілетін жалақы туралы мәліметтерді жасайды. Жеке шоттар бөлінісінде ұйымның қызметкерлер алдындағы берешегінің құрылымын, әрбір қызметкер бойынша карточкалар бөлінісінде салықтық есепке алу тіркелімін, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары, медициналық сақтандыру қорына аударымдар, әлеуметтік аударымдар берешегінің есебі мен құрылымын, берешек құрылымын және атқару парақтары бойынша карточкаларды жүргізуді, жалақы бойынша жинақтауды, кіші бағдарламалар мен ерекшеліктер бөлінісінде № 5 журнал-ордерді есепке алуды жүргізеді. Қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдарының құрылымы мен өзгерістеріне сәйкес штаттық кестені жасайды және бақылау жүргізеді. Жергілікті және республикалық бюджет бойынша сайлау іс-шараларын өткізу кезеңінде кредиттердің (ассигнования) және нақты шығыстардың талдамалы есебін жүргізеді, сондай-ақ қосалқы шоттар бойынша таратып жазуды жүргізеді, облыстық сайлау комитетінің қызметкерлерімен жалақы бойынша есеп айырысу саласында талдамалы есеп жүргізеді, салықтарды, аударымдарды есепке жазу мен аударудың есебін жүргізеді. Жергілікті және республикалық бюджет бойынша сайлау іс-шараларын өткізу кезеңінде «Бас журнал» кітабын жүргізеді, аппарат бойынша бухгалтерлік есепті және ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша шоғырландырылған бухгалтерлік есепті жасайды және облыстық қаржы басқармасына және Орталық сайлау комиссиясына (тоқсандық және жылдық) есеп береді. Кассалық кітапты жүргізеді, ҚҰБ корпоративтік карточкасы арқылы қолмақол ақша қаражатын алуды және беруді жүзеге асырады, кассалық операцияларды есепке алуды, кассалық шығыс және кіріс ордерлерін тіркеуді, № 1 журнал-ордерді жүргізеді. Салық декларацияларын жасайды және салық органына салық төлеушінің Кабинеті жүйесіне әлеуметтік және табыс салықтары, зейнетақы жинақтары, қосымшаларымен бірге МӘМС бойынша 200-нысанның жергілікті және республикалық бюджет бойынша жинағында есеп береді. 1-Т, ЗП нысандары бойынша Онлайн-статистика жүйесінде мемлекеттік статистика органдарына ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептілікті ұсынады, облыстық қаржы басқармасына ай сайын саны бойынша есеп береді, қосымшасымен 1-25Н. желілері мен штаттары бойынша жартыжылдық және жылдық есептілік ұсынылады. Тиісті құжаттарды ресімдейді; «1-С Бухгалтерия - 8,3» бағдарламасы бойынша аппаратты ұстау және компьютерде есептілікті жасау бойынша бухгалтерлік операциялардың есебін жүргізеді, тиісті функционал бойынша қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді, тиісті функционал бойынша «Қазынашылық-Клиент» К-2 ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Үнемі бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулық материалдарды, нормативтік актілерді зерделей отырып, өзін-өзі жетілдіреді.
В блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
t.lastovets@sko.gov.kz
- 15.06.2026
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58
-
8-7152-34-02-16