Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593924

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Математика
  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Сәулет
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Кадастр
  • Өрт қауіпсіздігі
  • Қаржы
  • Инженерлік жүйелер және желілер

Функционалды міндеттер

Экономикалық жоспарлау; бюджет және бюджетаралық қатынастар; қаржы, салық және тарифтік саясат; салық, қаржы-кредит тәртібі; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру; коммуналдық меншік; құрылыс, сәулет және қала құрылысы; көлік, жолаушылар тасымалы және жолдар; инженерлік коммуникациялар мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, оның ішінде электр энергетикасы, телекоммуникациялар, жылыту және су шаруашылығы жүйелері; отын энергетика кешені; тұрғын үй және әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылым объектілерін жылыту маусымдарына дайындау; төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру; экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану; елді мекендерді абаттандыру, тұрмыстық  қатты қалдықтар полигондарының, зираттардың санитарлық жағдайы. Аудандық экономика және қаржы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің, Булаев қаласы әкімі аппаратының қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша комиссияларға, жұмыс топтарына және басқа да құралымдарға басшылық жасайды. Жетекшілік ететін салалар бойынша нысаналы салалық бағдарламаларды әзірлеуді және олардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістер, қазынашылық, статистика, қаржылық бақылау комитеттерімен, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдарымен, ішкі істер, қорғаныс бөлімімен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, шекара қызметімен, төтенше жағдайлар, әділет қызметімен, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен, жылжымайтын мүлік орталығымен, «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейдегі банктердің филиалдарымен, кредиттік серіктестіктермен, басқа қаржы институттары мен ұйымдары, жетекшілік ететін салалар бойынша сақтандыру компанияларымен өзара іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметін бақылайды. Бағыт бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы, сапалы және жан-жақты қарайды. Аудан әкімінің өзге де тапсырмаларын орындайды.

A блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.05.2026 – 26.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

28.05.2026

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216