"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" КММ-сі басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Кадастр
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
Функционалды міндеттер
Инженерлік-техникалық инфрақұрылым және мемлекеттік техникалық инспекция бөлімінің, агрономия бөлімінің, мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің, мемлекеттік астық инспекциясы бөлімінің, жерді есепке алу, жер учаскелерін беру және алу бөлімінің, жерге орналастыру, жерді пайдалануды болжау бөлімінің қызметін үйлестіреді. Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды, агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіреді. Инженерлік-техникалық инфрақұрылым, агросервисті, техникалық қайта жарақтандыруды, техниканы лизинг негізінде жеткізу саласын дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланыстарын нығайту қызметіне басшылық етеді, сондай-ақ егін шаруашылығында мемлекеттік ресурстарға сатып алуға және өңірлік қамтамасыз етуге қажет өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға бағытталған бірыңғай технологиялық саясат жүргізуді, тұқым шаруашылығын қолдауға, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыруға, элиталық тұқым шаруашылығын, минералды тыңайтқыштарды, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруді субсидиялауға арналған республикалық бағдарламаларды іске асыру шараларын жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қарастырады, азаматтарды жеке қабылдайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялау, аттестаттау бойынша бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуін бақылайды және оған жауапты болады. Жер-кадастрлық құжаттаманың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады. Осы аудандардың негізінде облыстың жер балансын жасау жөніндегі жұмысты бақылайды. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Аудандық және Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімдерінің қызметін үйлестіруді, әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады және олардың орындалуын бақылайды. Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту. Жасалған жер учаскелерін жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттары біліктілік талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау, осы бұзушылықтар бойынша жер инспекциясына ақпарат беру. Суармалы егіншілік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын қарайды, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді; Мемлекеттік қызмет көрсетуді, рұқсат беру құжаттарын беруді бақылайды және жауапты болады. БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасайды.
А функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zhgabbasova@sqo.gov.kz
- 21.05.2026
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 116 кабинеті
-
8(7152)502189