"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының білім бөлімі" КММ-нің сектор меңгерушісі

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-R-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дефектология
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Математика
  • Химия
  • Биология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Филология
  • Шетел филиологиясы
  • Білім (химия)
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Физика және астрономия
  • Тарих-Дінтану

Функционалды міндеттер

Білім бөлімінің жұмысын жоспарлайды, оның қызметін үйлестіреді, ауданда білім беруді дамытуды экономикалық жоспарлау және болжау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырады (оның ішінде білім беру мекемелерін қайта тіркеу, тарату, мектеп жарғыларына өзгерістер, толықтырулар енгізу, бастауыш жалпы, негізгі жалпы немесе орта жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдар, медициналық кабинеттерді лицензиялау).

Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік стандарттардың орындалуына және оқушылардың білім сапасына, мектепішілік бақылау, білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Өз жұмыс бағыты бойынша есептер мен ақпараттар, АББ-нің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын жасайды: жылдық, апталық.

АББ кеңесіне және аппараттық кеңестерге материал дайындайды;

ҚР ӘРПК Заңына сәйкес білім беру мәселелері бойынша азаматтардың хаттарын, өтініштерін қарайды;

Істер номенклатурасына сәйкес мұрағатқа тапсыру үшін жұмыстағы істерді қалыптастырады;

Білім беру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды ұйымдастырады;

Облыс, аудан әкімінің тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

Ауданның білім беру мекемелері бойынша мемлекеттік білім беру қызметтерінің көрсетілуін бақылайды.

Қызметтік этика нормаларын сақтайды.

Білім беру бөлімінің ағымдағы, перспективалық, жылдық жоспарлауын талдайды және құрастырады.

Мектептер, сыныптар, білім беру мекемелерінің пәндері бойынша оқушылардың ағымдағы және қорытынды оқу үлгерімін бақылайды;

Орта жалпы білім беру мекемелерінің желісінің жағдайына мониторинг жүргізеді;

Білім беру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылайды.

Аудандық білім беру бөлімінің кеңестерін, педагог қызметкерлердің тамыз конференциясын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Облыс және аудан әкімінің тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Ауданның білім беру ұйымдарында қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету бойынша бақылауды жүзеге асырады. Ауданның білім беру мекемелерінде ағымдағы және күрделі жөндеулерді жүргізуді бақылайды.

Білім беру мекемелерін лицензиялау және мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Білім беру мекемелерін жою, өзгерту және лицензиялау бойынша ақпарат, мәліметтер, талдау және есептілікті ұсынады. Білім беру мекемелерінің жарғыларына өзгерістер енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Білім беру мекемелерінің рұқсат құжаттары бойынша деректер базасын құрастырады.

Ауданның білім беру мекемелерінің оқу жылының басына дайындығын тақырыптық тексерулерді өткізуді қамтамасыз етеді.

Ауданның білім беру мекемелерінің жылу режимін қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізеді.

Ауданның білім беру саласының экономикалық жоспарлау және болжау мәселелерін бақылайды.

Төтенше жағдайлар (ТЖ) кезінде білім беру мекемелерінің жұмысын ұйымдастырады.

Электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша жұмысты бақылайды және жүргізеді.

Білім беру бөлімінің істер номенклатурасына сәйкес қадағаланатын жұмыс бойынша іс жүргізуді жүргізеді.

Ауданның білім беру мекемелерінде мемлекеттік білім беру қызметтерін ұсынуды бақылайды.

Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіз және жайлы болу жағдайларын қамтамасыз етуді, санитарлық нормалардың сақталуын бақылайды.

Қызметтік этика нормаларын сақтайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңының сақталуын бақылайды;

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтайды және өзіне қабылдайды; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес міндеттерді орындайды және сақтайды;

Мемлекеттік органның қызмет бағыты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

Бөлімнің құзыреті шегінде кіріс және шығыс хат-хабарлармен жұмыс жүргізеді.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің өз қызметтік міндеттерін бұзғаны, қызметтік және еңбек тәртібін бұзғаны, орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жеке жауапкершілік көтереді.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.04.2026 – 04.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

06.05.2026

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 116 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 7152 50 21 89