Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Функционалды міндеттер

Техникалық барлауға қарсы іс-қимыл, техникалық арналар бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау мәселелері бойынша құпия ақпаратты техникалық қорғау бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Өзінің лауазымдық міндеттері шегінде бөлімшенің қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады. Техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бөлімшелерімен бірлесіп, күзетілетін мәліметтерді және олардың бүркемеленбейтін белгілерін айқындайды, барлаудың техникалық құралдарының көмегімен қорғауға жататын ақпаратты алудың нақты қауіптілігін бағалайды, техникалық барлауға қарсы іс-қимылдың тұрақты жұмыс істейтін жүйесін құру (жетілдіру) жөнінде ұсыныстар дайындайды. Ұйымның инженерлік-техникалық күзет құралдарының тиімділігін анықтауға және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің Жарлықтарының, Қаулылары мен басқа да актілерінің, облыс әкімінің ақпараттандыруды дамытуға бағытталған шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының және басқа да мемлекеттік органдардың облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарында және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады. Облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті (бұдан әрі - АҚ) қамтамасыз ету саласында бірыңғай талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. АҚ оқиғаларының тіркелуін бақылауды жүзеге асырады; АҚ бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау, оны құжаттамалық ресімдеу; АҚ-ны қамтамасыз ету бөлігінде активтерді. Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың заңдылығын бақылауды жүзеге асырады; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тәуекелдерді басқару, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету. Персоналды басқару кезінде АҚ талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; ішкі аудитті жүргізу, сыртқы аудитті ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі АҚ жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады.  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, облыс әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі техникалық құжаттаманы және өзге де жергілікті нормативтік актілерді міндетті сақтауды жүзеге асырады. Әкімдіктің теңгеріміндегі ақпараттық жүйелер туралы деректерді Архитектуралық порталдың базасына енгізу бойынша жұмыс жүргізеді. MISP (Malware Information Sharing Platform) веб-платформасы арқылы ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін/инциденттерін анықтау, талдау және ден қою бойынша жұмысты жүзеге асырады. АҚ қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындау мәселелері бойынша облыстық атқарушы органдармен және қала және аудан әкімдерінің аппараттарымен өзара іс-қимыл жасайды. АҚ мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Телефон байланысын құпияландыру аппаратурасын орнату және пайдалану кезінде құпиялылық режимін сақтауды регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша үкіметтік байланыс қызметімен өзара іс-қимылын бақылау.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.04.2026 – 15.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

17.04.2026

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58

Анықтама алу үшін байланыс

8-7152-34-02-16