Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экономика және қаржы жөніндегі орынбасары (2026 жылғы 30 маусымға дейінгі негізгі қызметкердің оқу кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512003

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика және статистика
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Биотехнология
  • Техникалық физика
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Мемлекеттік аудит
  • Топырақтану

Функционалды міндеттер

Ауыл шаруашылығын,  агроөнеркәсіп кешендерін және ветеринарияны дамыту, балық, орман шаруашылығы, өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру,  ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, жер қатынастары, аграрлық ғылым, геология, экономикалық жоспарлау және бюджетті және бюджетаралық қатынастарды, қаржылық, салықтық саясатты дамыту, коммуналдық меншік және жекешелендіру, кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, жаңа технологияларды, сауданы, сыртқы экономикалық байланыстарды, шекаралық ынтымақтастықты дамыту,  жерасты байлығын пайдалану және қорғау, туризм мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік орган аумақтық құрылымдарының қызметін үйлестіру. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізу, олардың қызметінің нәтижелілігін талдау және ауданда экспортты әлеуетті және өндірістің артуы резерві барларды анықтау. Жер учаскелерін бөлу, жер асты байлығын пайдалану құқығын беру, инфрақұрылыммен, қажетті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету, техникалық және консультативтік көмек көрсету, сондай-ақ инновациялық және озық технологияларды ендіру, жаңа өнім және қызмет түрлерінің инновациялық әзірлемелерін игеруді тездету мәселелерін шешуді қоса есептегенде жобаларды жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнама аясында жағдай жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері. Кәсіпкерлікті дамыту, бизнес қауымдастығының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауы, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді төмендету, бизнесті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері. Индустриалдық-инновациялық салада халықаралық және шекаралас ынтымақтастық, жобаларды жүзеге асыру үшін, сонымен қатар ауданның шикізат ресурстарын тиімді игеру мақсатында инвесторларды тарту сұрақтары.               Аймақтағы туризмді дамыту мәселелері (туризм инфраструктурасын дамыту, инвестициялар, оның ішінде шетелдіктерді туризм саласына тарту).Облыс тұрғындарын негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері.Бюджетті қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламаларын мақсатты бағдарламаларды әзірлеу, бюджетті және бюджетаралық қатынастарды, қаржылық, салықтық және тарифтік саясатты дамыту, коммуналдық меншік және жекешелендіруді индикативті, экономикалық жоспарлау және дамыту. Мемлекеттік сатып алу, салық және қаржы-несиелік тәртіпті ұйымдастыру, еңбекақы төлемдерін арттыру мәселелері. Жетекшілік ететін салалар бойынша Мемлекет Басшысы, Президент Әкімшілігі, Үкімет, облыс әкімі, аудан әкімі тапсырмаларының орындалуына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, аудан аумағын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына бақылау жүргізу. Құпиялылық режимінің талаптарын сақтау. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі, жер қатынастары, экономика және қаржы бөлімдерінің қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыру. Аудандық деңгейде өткізілетін мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалауға көрсеткіштерін жалпы бақылау.  Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциялары Комитетінің Қызылжар аумақтық инспекциясымен,   «Солтүстік қазақстан ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен, «Фитосанитарлық диагностика және болжам республикалық әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің аудандық филиалымен, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен; аудандық статистика басқармасымен; «Қазпошта» АҚ аудандық филиалымен; «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аудандық филиалымен; табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен байланысты жүзеге асырады. Аудан аумағында орналасқан шекара бақылау жасақтармен байланысты жүзеге асырады. Жетекшілік ететін бөлімдер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, қызметтік құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.10.2025 – 07.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

09.10.2025

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58

Анықтама алу үшін байланыс

8-7152-34-02-16