"Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты" КММ-сі азаматтық қорғау, терроризм профилактикасы және оның алдын алу бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

   D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Өрт қауіпсіздігі

Функционалды міндеттер

Облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға, әлеуметтік-экономикалық дамуға және террористік ахуалға мониторинг пен талдауды жүзеге асырады.  Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі тиісті өңірлік бағдарламаларды орындау шеңберінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, фискалдық ведомстволардың, стратегиялық объектілер мен режимдік кәсіпорындардың, әскери бөлімдер қолбасшылығының терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша және облыстың атқарушы органдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді ұйымдастырады. Облыстың құқық қорғау және атқарушы органдарының, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларының қатысуымен терроризмге қарсы қызмет мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер дайындауды ұйымдастырады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады. Терроризмге қарсы комиссия мен оның аппаратының отырыстарын өткізуді ұйымдастырады. Терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттіліктері негізінде терроризмге қарсы қызметті жетілдіру мәселелеріне материалдарды қорытуды және талдауды ұйымдастырады. Алдын алу-алдын алу және қарсы насихаттау жұмыстары, оның ішінде ақпараттық-насихаттау топтарының жұмыстары бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруді ұйымдастырады.  Аудан әкімдіктері жанындағы терроризмге қарсы комиссиялардың аппараттарына әдістемелік көмек көрсетеді, көрсетілген қызметтердің жұмыс жағдайын тексеруді, олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің және (немесе) Үкіметінің шешімін талап ететін терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына ұсыныстар әзірлейді және енгізеді. Солтүстік Қазақстан облысында террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбелеріне өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу, бекіту, енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауды ұйымдастырады. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың жай-күйін зерделеуді және әзірлеуді ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы мен терроризмге қарсы комиссия тапсырмаларының орындалуына мониторинг ұйымдастырады. ҚР-да діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекеттік алдын алу іс-шараларының орындалу мониторингін және іске асырылуын ұйымдастырады. Төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруді және бақылауды, терроризмнің алдын алу, терроризм салдарын азайту және (немесе) жою бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады. Терроризмнің алдын алу саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын келісілген жүзеге асыруда ынтымақтастықты жүзеге асырады. Терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттіліктерінің тізбесі шеңберінде Террористік қатерлердің туындауының және сенушілердің радикалдануының анықталған себептері мен жағдайлары бойынша келіп түскен ақпаратқа мониторинг пен талдауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Терроризмге қарсы комиссияның қызметі жөніндегі жұмыс жоспарларына енгізуге жататын мәселелер шеңберін айқындайды. Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі өңірлік жоспарларды әзірлеуді ұйымдастырады. Жетекшілік ететін салаға кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, әкімдіктің және облыс әкімінің қаулылары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын ұйымдастырады.Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды. Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдардан "құпия"деген белгімен келіп түскен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.Жетекшілік ететін қызмет бағыты бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын уақтылы толтыру бойынша мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

В блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.09.2025 – 09.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

11.09.2025

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

87152504497