"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" КММ экономика мәселелері жөніндегі аудан әкімінің орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының және облыстық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен экономикалық жоспарлау бюджетті және бюджетті дамыту және бюджет аралық қатынастар, қаржылық, салық саясаты, коммуналдық меншік және жекешелендіру, кәсіпкерлік, сауда-саттықты дамыту мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру.
Мемлекеттік сатып алуларды, салықты, салықтық және қаржылық-несиелік тәртіпті ұйымдастыру, еңбек ақыны көбейту мәселелері.
Индустриалдық-инновациялық даму және өңірдің инновациялық даму белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мәселелері.
Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, бизнес бірлестіктердің мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттесуі, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді төмендету, бизнесті қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру.
Ұлттық компаниялардың сатып алу көлемінде және жүйе құратын кәсіпорындарда отандық тауар өндірушілердің өнімдерін арттыру мәселелері (қазақстандық мазмұны бар).
Аудан тұрғындарын негізгі азық-түлік тағамдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері.
Өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысының мониторингісі, олардың қызметтерінің тиімділігін сараптау және өндіріс өсімінің бар резервілерін анықтау.
Қызметтеріне жалпы бақылау жасайды:
экономика және қаржы бөлімінің (шұғыл басқару);
Ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі соның ішінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне қатысты.
Басшылық ететін салалары бойынша бақылау жасайды:
Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, әкімнің және облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларын орындалуына;
мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, аумақты дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру;
аудан әкімі көрсеткіші рейтингісінің;
аудандық деңгейде өткізілетін мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне.
ауданның атқарушы органдарының және ұйымдарының қызметтерін үйлестіру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау жасау.
Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтайды.
Өз құзіретінің шегінде жетекшілік ететін мәселелер бойынша басшымен жүктелген басқа да міндеттерді орындайды.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.sharipova@sko.gov.kz
- 08.09.2025
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8(7152)50-44-97