«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті осы санаттағы лауазымдар бойынша басқа да міндетті білімдер. «Автомобиль көлігі туралы», «Автомобиль жолдары туралы» заңдарды, осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілер мен техникалық регламенттерді білу.
Функционалды міндеттер
Басқарудың ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегиялық жоспарларын әзірлеу; Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; бірлескен жобаларды әзірлеу, тәжірибе алмасу бойынша республикалық жол ұйымдарымен жұмыс тәжірибесінің болуы. Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының және олардағы құрылыстардың техникалық және пайдалану жай-күйін тексеруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Көлік инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, мердігер ұйымдармен көлік заңнамасын сақтау мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыру; облыс аумағында көлік процесін ұйымдастыруды жетілдіру. Мердігерлік ұйымдардың жұмысына азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау. Басқарманың жұмысын жариялау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Халыққа мемлекеттік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуін бақылау.
Жоғарғы сотқа талап арыздар, апелляциялық шағымдар және кассациялық өтініштер жасау. Шағым жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тексеру үшін орынға шығу және сапалы дәлелдемелік база жасау. Соттар шеңберінде жүргізілетін сараптамаларға тағайындау және қатысу. Қылмыстық іс жүргізу шеңберінде басқарма мүдделерін білдіру. Наразылықтарды, қадағалау органдарының нұсқамаларын қарау олардың орындалуы не наразылық білдіру. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдануды тексеру. МЖӘ жобаларын сүйемелдеу (әкімдік қаулыларын дайындау, хабарламаларды, конкурстық талаптарды дайындау, конкурстық рәсімдерді өткізу, шартты, инвестициялық ұсынысты, салалық қорытындыларды және т.б. дайындау).
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.sultangalieva@sko.gov.kz
- 21.01.2025
- Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.
-
8(715-2)50-44-97