"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" КММ басшысы (2025 жылғы 31 наурызға дейінгі негізгі қызметкердің оқу кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688752

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Музыкалық білім
  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Философия
  • Мәдениеттану
  • Құқықтану
  • Аспаптық орындаушылық
  • Вокалдық өнер
  • Актерлік өнер
  • Эстрада өнері
  • Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
  • Арт - менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Кітапхана ісі
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Орындаушылық өнер
  • Халық аспаптары
  • Ән айту өнері

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын;

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын білу: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік органның қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға жауапты.

Басқарудың стратегиялық және ағымдағы жоспарларын бекітеді.

Басқарма құрылымын бекітеді және басқарма орынбасары, басқарма бөлімдерінің басшылары арасында функционалдық міндеттерді бөледі.

Заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Заңнамада белгіленген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен келісім бойынша басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады.

Белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қорлардың тиімді және нысаналы орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Басқарманың құзыретіне кіретін барлық өкімдік, қаржылық және өзге де құжаттарға қол қояды.

Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарма атынан өкілдік етеді.

Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмысты жүргізеді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.

Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз етеді, дербес жауапты болады

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

Мемлекеттік органның стратегиялық және жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну жөнінде шаралар қабылдайды.

Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

 «Ашық бюджет» критерийі бойынша қызметтің тиімділігін бағалау шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың уақтылығы мен сапасына бақылауды жүзеге асырады және жалпы жиынтығын қамтамасыз етеді (ақпаратты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-күнінен кешіктірмей ұсыну).

«Ашық деректер», «Ашық бюджет», «Ашық диалог», «Ашық НҚА» критерийлері бойынша қызметтің тиімділігін бағалау шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз етеді (ақпаратты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-күнінен кешіктірмей облыс әкімдігінің «Ашық бюджет» бойынша цифрлық технологиялар басқармасына ұсыну «Ашық бюджет» бойынша облыс әкімдігінің қаржы басқармасы, «Ашық диалог» бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, «Ашық НҚА» бойынша облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі).

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей атқарылған жұмыс туралы есепті тоқсан сайын ұсына отырып, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ашықтық жоспарының орындалуын белгіленген мерзімде уақтылы қамтамасыз етеді.

Басқарманың ресми интернет-ресурсының орындалуын және толтырылуын бақылауды және қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының толтырылуын қамтамасыз етеді.

Басқарманың жұмылдыру дайындығының жай-күйіне дербес жауапты болады. Әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысады. Әскери міндеттілерді әскери есепке алу және брондау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.

Бюджеттік өтінімдерді есептеудің дұрыстығы мен негізділігі үшін дербес жауапты болады.

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша

нормативтік-құқықтық актілерді, бағдарламалар жобаларын және басқа да құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің жарғысын (ережесін) әзірлеуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысады.

Басқарманың, оның ішінде соттарда құқықтары мен мүдделерін қорғауды заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және облыс архивтер туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік құпияларды техникалық арналар арқылы, оның ішінде шифрлау жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал ағып кетуден қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді.

Құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу, құпия құжаттармен және бұйымдармен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады.

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының Солтүстік Қазақстан облысы аумақта сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

«Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру», «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру», «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік қызметтерінің көрсетілуіне ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметтер мен бақылау іс-шараларына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді.

«Мәдениет туралы»,«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы», «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Басқарманың атына келіп түскен, жеке және заңды тұлғалардың қызметтік құжаттары мен өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз етеді.

Басқарманың құзыретіне кіретін комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз етеді.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.01.2025 – 09.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

13.01.2025

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 116 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)50-44-97