"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қааржы басқармасы" КММ-нің экономика саласының түсімдері мен шығыстарын жоспарлау және атқару жұмысы бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу; Осы санаттағы нақты қызмет мамандығына сәйкес салалардағы қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалды міндеттер
бюджет қаражатын игеру мониторингін, жылдық соманы айларға бөлуді талдау мен бағалауды, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтауды жүзеге асыру; Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі туралы есептердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру; нақты сектордың мемлекеттік органдарын қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыруды және жүргізуді бақылау; кредиттерді және есептелген сыйақыларды өтеу кестесіне сәйкес бюджеттік кредиттердің уақытында және толық өтелуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру; бюджеттік кредиттер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне тоқсан сайынғы есепті дайындау және бекіту; түсімдердің жиынтық жоспарын қалыптастыруды және жүргізуді бақылау; бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуын талдау; нақты сектордың өзге салалары бойынша облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері арасындағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау; бөлім шығыстарының болжамды көлемін айқындау; тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын, бюджетке өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге қатысу; тиісті қаржы жылына арналған облыстық мәслихат шешімінің, оған өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзірлеуге қатысу; тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы мәслихат шешімін, оған өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру туралы облыс әкімдігінің қаулысын әзірлеуге қатысу; қаржы министрлігіне жоспардың орындалмау, асыра орындалу себептерін көрсете отырып, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына мониторинг ұсыну, сондай-ақ ерекшеліктер бөлінісінде жергілікті бюджеттің атқарылуын өткен жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстырмалы талдау; облыс әкімдігінің тапсырмалары бойынша қажетті талдамалы, жиынтық кестелерді және ақпараттарды дайындауды жүзеге асыру; облыс әкімдігінің отырыстарына, облыс әкімінің орынбасарларында өтетін кеңестерге, аудандық экономика және қаржы бөлімдерімен және қалалық қаржы бөлімімен өтетін кеңестерге қаржы басқармасы басшысының немесе оның орынбасарларының сөйлейтін сөздерін дайындау; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, облыс әкімі аппаратының, қаржы органдарының және басқа да ұйымдардың хаттары мен сұрауларын орындау; бөлім қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру; басқарма басшылығына бөлім қызметкерлерін тағайындау және босату, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар беру; облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздарын шығаруға, олар бойынша сыйақыны өтеуге және төлеуге бақылауды жүзеге асыру; интернет-ресурстарда орналастыру үшін бюджетті жоспарлау және атқару жөнінде ақпарат беру; бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша тиімділікке бағалау жүргізу үшін аудандар, қала және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің материалдарын жинау және өңдеу; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу жөнінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу бойынша жиынтық материалдарды дайындау; жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша жоғары тұрған министрліктермен хат алмасу; бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту жөнінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуын бақылау;кеңес өткізу үшін бағалау нәтижелерін дайындау.
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
t.lastovets@sko.gov.kz
- 12.12.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58
-
8(7152)34-02-16