«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің білім берудегі қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Қазақстан-2050 Стратегиясын, «Білім туралы»ҚР заңын, «Педагог мәртебесі туралы», ҚР Еңбек Кодексін, ҚР Салық Кодексін, ҚР Бюджеттік Кодексін және басқаларын білу.

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысын ұйымдастыру. Бөлім жұмысын ұйымдастыру. Кәмелетке толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері. Халықаралық асырап алу. Облыс мектептерінде және облыстық интернаттық мекемелерде тәрбие жұмысын үйлестіру. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша статистикалық базаны және есептілікті қалыптастыру бойынша жұмыс (ҰБДҚ толтыру). Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың республикалық деректер банкімен жұмыс. Жалпы білім беретін мектептер мен жетім балаларға арналған білім беру мекемелеріндегі қамқоршылық кеңестер. Бөлім жұмысы бойынша білім басқармасы сайтының жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша БАҚ-пен жұмыс. Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу, суицид мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің санын отбасына тәрбиелеуге беру жолымен қысқарту бойынша жұмыс жүргізу (қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбие, «асырап алушы отбасы»). Бөлім жұмысының бағыты бойынша жиналыстарға басшының қатысуы үшін материалдар дайындау. Бөлім құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша білім беру мекемелеріне кеңес беру. Бағыттар бойынша облыстың білім беру ұйымдарында Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін орындау мониторингі (патриоттық, Мемлекеттік рәміздер, экологиялық тәрбие). Материалдарды білім басқармасының ресми сайтына дайындау және орналастыру. Бөлімнің жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық-аналитикалық анықтамалар, баяндамалар, ақпараттар дайындау. Істерді ведомстволық мұрағатқа беруді бақылау. Білім және ғылымды дамытудың Басқарманың стратегиялық, операциялық жоспарын іске асыру. ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын, басқарма басшысының, басқарма басшысының жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын орындау.

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.10.2024 – 22.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

24.10.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)34-02-16