«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

688752

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санатқа арналған мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасатын кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын; аталған санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес саладағы қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; осы санаттағы лауазымдар бойынша функциялық міндетті орындауға қажетті өзге де міндетті білімді.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Мелекеттік сатып алу басқармасының жұмысына жалпы басшылықты, бюджеттік бағдарламалар не облыс әкімі айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер  бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуға бағытталған бюджет қаражатының ұтымды және тиімді шығындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. Облыстың мемлекеттік мекемелерімен, соның ішінде мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы  мемлекеттік сатып алу процесіне мониторингті жүзеге асырады.  Басқарманы қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарушы органдар мен ұйымдарға ұсынады. Белгіленген заңнамалық тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады. Тиісті құпиялылық режимді және мемлекеттік, қызметтік құпиясы бар ақпараттың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді. Белгіленген есептілікті уақытында жасауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

 

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.10.2024 – 17.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

21.10.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)34-02-16