«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ-нің облыстық бюджетті атқару, мониторингілеу, есепке алу және шоғырландыру бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тиісті санаттар үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін; ҚР Бюджет кодексін, ҚР Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңдарын, Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын білу.
Функционалды міндеттер
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерін табысты шешу мақсатында аудандық (қалалық) бюджеттерге субвенцияларды, нысаналы трансферттерді аудару бойынша төлемдер жүргізу; облыстық бюджеттің жылдық бюджеттік және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасауға қатысу; аудандар бөлінісінде түсімдердің орындалуы туралы облыстың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасауға қатысу; мүлікті қабылдау және балансқа беру бөлігінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінің коммуналдық меншігінен облыстың коммуналдық меншігіне шешімдер негізінде республикалық меншіктен облыстың коммуналдық меншігіне мүлікті қабылдауға қатысу; коммуналдық меншік объектілерін есепке алуды, беруді және есептен шығаруды қамтамасыз ету; облыстың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудару және енгізу бөлігінде республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерге қызмет көрсетуге қатысу; мүдделі тұлғаларды облыстың ашық бюджеттерінің интерактивті картасында толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді Egov «Ашық бюджеттер» порталында орналастыру; жеке және заңды тұлғалардан Egov «Ашық бюджеттер» порталына түскен өтініштер мен шағымдарды қарау; жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік лауазымды тұлғалардың сұраулары мен тапсырмалары бойынша іс-шараларды қарау және жүзеге асыру; Басқарманың атына келіп түсетін заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау; жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің жобасын әзірлеу және бюджеттік өтінімді жасау, есептер мен түсіндірме жазба түрінде облыстық бюджетті нақтылауға ұсыныстар енгізу; облыстық басқарма бойынша тоқсандық және жылдық статистикалық есептер мен декларациялар жасау; облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру үшін активтерді бағалау бойынша материалдар дайындау, объектілердің техникалық ерекшелігін әзірлеу; облыстық қаржы басқармасының қызметі шеңберінде бухгалтерлік есеп жүргізу; бухгалтерлік есеп және есептілік жасау мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлерімен семинар-кеңестер өткізуге қатысу.
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
t.lastovets@sko.gov.kz
- 13.06.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 118 каб.
-
8(7152)34-02-16