Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
Көру саны:107
Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-тамыздың нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 303 106,6 млн.теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 1,6%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (81,5%) 2022 жылғы қаңтар-тамызда 247 115,3 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2021 жылғы қаңтар- тамыз деңгейінен 5,7% -ға жоғары.

2022 жылғы қаңтар-тамызда тамақ өнімдерінің өндірісі 136 228,9 млн.теңгені құрады, етті қайта өңдеу және консервілеу 21,4% - ға ұлғайды, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 6,5% - ға азайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 29,4%-ын алатын машина жасау саласында 72 776,4 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамызға 4,1%-ға артық.
Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 4 083,3 млн. теңгеге өнім шығарылды, өзге де метал емес минералды өнімдер 6 335,6 млн. теңгеге шығарылды немесе бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңге 9,9%-ға төмен.
2022 жылғы қаңтар-тамызда электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласындағы көлемі 36 398,2 млн.теңгені құрады.
2022 жылғы қаңтар-тамызда сумен жабдықтау саласының көлемі
11 451,4 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамызға 88,3%.
ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде 2022-2025 жылға шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 256,9 млрд.теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы. 2022 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 343,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар- тамыз деңгейіне 109,7%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 66,1 мың тоннаны немесе 2021 жылғы қаңтар- тамызға 103,8% құрады.
|
Сүт – |
464,1 |
мың тонна |
(102,0%); |
|
Жұмыртқа – |
499,6 |
млн. дана |
(146,2%). |
2022 ж. 01.09. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
|
ІҚМ - |
448,8 |
мың бас |
(103,8%); |
|
с.і. сиыр - |
220,3 |
мың бас |
(102,4%); |
|
қой - |
453,6 |
мың бас |
(102,6%); |
|
ешкі - |
18,2 |
мың бас |
(99,8%); |
|
жылқы - |
153,7 |
мың бас |
(105,4%); |
|
шошқа - |
255,3 |
мың бас |
(114,8%); |
|
құс - |
5003,9 |
мың бас |
(102,8%). |
Кәсіпкерлік. 2022 жылғы 1 қаңтарға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 31 408 бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2022 жылғы қаңтар-шілде облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 319,2 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылғы сәйкес кезеңге 1,5 есе өсу, соның ішінде тауарларды экспорттау – 191,5 млн. АҚШ доллары (1,5 есеге ұлғаю), импорт – 127,8 млн. АҚШ доллары (1,7 есеге ұлғаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 63,7 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 24,6%), Қытай (10,9%), Өзбекстан (18,8%), Польша (7,8%), Бельгия (10,7%).
Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 98,2%-ы немесе 188,0 млн. АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 17,6%), Германия (48,7%), Украина (3,3%), Түркия (5,9%), АҚШ (4,4%).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 72,5%-ы немесе 92,6 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (13,4%-ы немесе 17,2 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (5,9%-ы немесе 7,5 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (4,2%-ы немесе 5,3 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар-шілде Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 313,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 8,1%-ға артық, соның ішінде импорт – 263,2 млн. АҚШ доллары (8,5%-ға артық), экспорт – 50,0 млн. АҚШ доллары (6,1% - ға ұлғаю).
Негізгі капиталға инвестициялар. 2022 жылғы қаңтар-тамызда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 199 400,6 млн. теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 102,3% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 58,7%), бюджеттік қаражат (15,3%), банк кредиттері (2,9%) және басқа қарыздық қаражат (23,1%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (52,2%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (15,0%), көлік және қоймалау (15,0%), өнеркәсіп (10,9%).
Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылғы қаңтар-тамызда облыс аумағында жалпы ауданы 107 334 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңге 103,0% құрайды.
Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2022 жылы мыналарға бөлінді:
- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 9 115,9 млн.теңге (РБ – 8 389 млн.теңге, МБ – 726,9 млн.теңге). Игеру 3 198,8 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 92%).
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 3 200,7 млн. теңге. Игеру 2 609,5 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
«Ауыл-Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 12,8 млн.теңге.
Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) 523,3 млн. теңге бөлінген. Игеру 241,5 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
2022 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.
Әлеуметтік қорғау. 2022 жылғы қантар-тамызда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4443 адамды құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 15,3%-ға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,5 пайызды құрады, бұл 2021 жылы қантар-тамыздағы деңгейден 0,2%-ға төмен.
2022 жылғы 1 қыркүйекке 8945 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 20706 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 2355 адам жіберілді.
2022 жылғы 1 қыркүйекке 7365 азаматқа 389,7 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 331,6 млн. теңгені құрады, 2022 жылғы 1 қыркүйек жоспарындағы 3 млрд. 983,8 млн.теңгеден 3 млрд. 983,7 млн. теңге немесе 100 % игерілді, оның ішінде:
- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 296,6 млн. теңге (ЖБ – 166,6 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 130 млн. теңге), есепті кезең жоспары 82,7 млн.теңгені құрады (ЖБ – 7,6 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 75,1 млн. теңге), атқарылғаны 82,7 млн.теңгені құрады (ЖБ – 7,6 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 75,1 млн. теңге);
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 4 млрд. 629,8 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 779,8 млн. теңге, ҰҚ-дан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен - 2 млрд. 850 млн. теңге), есепті кезең жоспары 278,5 млн.теңгені құрады (ЖБ – 273,8 млн. теңге, ҰҚ-дан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен – 4,7 млн. теңге), атқарылғаны 278,5 млн.теңгені құрады (ЖБ – 273,8 млн. теңге, ҰҚ-дан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен – 4,7 млн. теңге);
- Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2022 жылы облыстық бюджетте барлығы 3 279,6 млн.теңге қарастырылған. Соның ішінде Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында жылдық жоспар облигациялық қарыз есебінен 1 551,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
- Петропавл қаласы «Береке» ықшам ауданында ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана салуға – 1 149,5 млн. теңге. 2022 жылдың 1 қыркүйек жоспар – 490 млн.теңгені құрады, қаражат толық игерілді
- Петропавл қаласында («Жас өркен» ықшам ауданы) ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салуға 401,9 млн.теңге бөлінді. Есепті кезең жоспары – 256,7 млн.теңге, игерілу 100%-ды құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен:
- Петропавл қаласында («Жас өркен» ықшам ауданы) ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салуға 1 676,4 млн.теңге бөлінді. Есепті кезең жоспары – 200 млн.теңге, қаражат толығымен игерілді.
Жергілікті бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 48,4 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:
Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында медициналық пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 1,5 млн.теңге. 1 қыркүйегіне жағдайы бойынша жоспардағы 0,3 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады;
Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн.теңге;
Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу –3,2 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 1,1 млн.теңгеден қаражат толық игерілді;
Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн.теңге;
Қызылжар ауданының Якорь ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн.теңге. 1 қыркүйегіне жағдайы бойынша жоспардағы 0,4 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Привольное ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктін салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 1,8 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 0,1 млн.теңгеден қаражат толық игерілді;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 0,6 млн.теңге;
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 2,8 млн.теңге. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне жоспар – 2,8 млн.теңгені құрады, қаражат толық игерілді.
- «Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 14,1 млн.тенге. Жоспардағы 11,4 млн. теңгеден игерілу 100 % құрады;
«Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу – 1,5 млн.теңге;
«Петропавл қаласында медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу» жұмыс жобасын түзету (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 11, 3 млн.теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылында 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияны жобалау және салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 3 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін субвенциялар есебінен:
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 1,0 млн.теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 2,4 млн.теңге.
Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 - мемлекеттік, 15 - жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 384 шағын-орталық ( 4 жекекменшік) жұмыс атқарады.
2022-2023 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 465 бірлікті құрайды.
«Білім» саласына 2022 жылға 125873,7 млн. теңге қарастырылды.
2022ж.01.09 жоспардағы 81982,2 млн.теңгеден игерілу 81927,0 млн.теңгені немесе 99,9% құрады.
Барлығы 2022 жылға білім беру объектілерін дамытуға 10 672,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
– Тайынша қаласында Қазақстан Конституциясы көшесі, 201 мекенжайында 600 орындық мектеп салу - 486,7 млн. теңге. 2022 жылғы 1 қыркүйек жоспарындағы 486,7 млн.теңгеден игерілу 100% құрады.
- Тайынша ауданы Вишневка ауылы Школьная көшесі, 36 мекенжайында 120 орындық мектеп салу – 100,0 млн.теңге. Жоспардағы 16,7 млн.теңгеден қаражат толық игерілді.
- Петропавл қаласында 50 орындық жатын корпусы бар 300 орындық мектеп-интернатты жобалау және салу (сыртқы желісіз және аумақты абаттандырусыз), қосымша – 155 млн.теңге.
– Пушкин көшесі, 85 Б мекенжайында орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Kozybaev University Teaching and research center" оқу-зертханалық корпусын салу (сыртқы инженерлік желі) - 64,1 млн. теңге.
- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу. Түзету – 132,2 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 131,4 млн.теңгеден игерілу 100% құрады.
- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Kozybaev University Teaching and research center" оқу-зертханалық корпусын салу – 2560,7 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 1095,7 млн.теңгеден қаражат толық игерілді.
- Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан (сыртқы инженерлік желі) "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу" жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу – 7,5 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 7,1 млн.теңгеден қаражат толық игерілді.
- Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан (сыртқы инженерлік желі) Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу" жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу - 1,2 млн. теңге.
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 3970,1 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 1999,5 млн. теңгеден 1990,8 млн. теңге немесе 99,6% игерілді.
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2020 жыл |
2021 жыл |
Қаңтар - шілде |
2022 ж. 2021 ж. % |
|
|
2021 жыл |
2022 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
104 |
105,5 |
63,7 |
66,1 |
103,8 |
|
Сүт |
мың тонна |
597,8 |
635,2 |
455,2 |
464,1 |
102,0 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
558,4 |
552,9 |
341,6 |
499,6 |
146,2 |


27 қыркүйек 2022
25 мамыр 2026