Білім беру саласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

МДҰ желісі – 442 бірлік. (77 балабақша, 8 - «Мектеп-балабақша» кешені, 356 шағын орталық, 1 «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені (Білім басқармасына қарасты), жекеменшік МДҰ – 19 бірлік (балабақша - 16 бірлік, шағын орталық - 3 бірлік).

Контингент – 13 712 бала, оның ішінде жекеменшік МДҰ-да – 1 805 бала.

Жалпы контингенттің 704-і ХӘОТ санатына жатады, оның ішінде 351-і көпбалалы отбасылардан.

Анықтама үшін: 2025 жылы – 913 бала, 2024 жылы – 1420 бала.

Облыстағы барлық мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы жобалық қуаты 22 261 орынды құрайды, оның ішінде Петропавл қаласы бойынша - 8 763 орын.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы профицит 8 549 орынды құрайды.

Петропавл қаласы бойынша 1 556 бос орыннан, қазақ тілінде - 303 орын, орыс тілінде - 1253 орын.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту: 3-6 жас аралығында - 100%, 2-6 жас аралығында - 97,5%, 1-6 жас аралығында - 91,8%.

Мектепке дейінгі ұйымға орын алу үшін кезекте 2 133 бала, оның ішінде 2 жастан бастап 644 бала тұр (Петропавл қаласы бойынша барлығы 1 556 бала, оның ішінде 2 жастан бастап 467 бала кезекте тұр).

Анықтама үшін: 2025 жылы балалардың кезегі - 2873, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейін - 1519 баланы құрады. Петропавл қаласы бойынша - 1185 бала.

2026 жылдың жазғы кезеңінде «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепке дейінгі бағдарламасымен 340 топта (сыныпта) 3958 бала қамтылды. Педагог - 455.

Анықтама үшін: 2025 жылы - 299 топ, 2 887 бала.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін облыста мектепке дейінгі орындарды іске қосудың қадамдық жоспары бекітілді.

. 2026 жылға 300 жаңа орын ашу жоспарланған (2027 жылы - 50 орын). 54 орын енгізілді:

- жаңа МДҰ ашу есебінен 40 орын - «Черкасское ОМ» КММ жанындағы мектепке дейінгі шағын орталық (Аққайың ауданы) - 25 орын, Вишневка ОМ жанындағы БШО (Тайынша ауданы) - 15 орын.

- жұмыс істеп тұрған МДҰ-ны кеңейту есебінен 14 орын – Карасевка ОМ (6), Қазан ОМ (4), Кирилловка ОМ (4) (Айыртау ауданы).

Петропавл қаласында «Қазақстан халқына» қоры есебінен 280 орындық балабақша ашылды.

Анықтама үшін: мердігер – «Мирас Group» ЖШС, техникалық қадағалау – «Стройинтерграмма» ЖШС, авторлық қадағалау – «Инженерный Сервис» ЖШС, шарт бойынша құны 2 088,3 млн. теңге.

77 балабақшаның 37-сі «шағын жинақты» мәртебесіне ие, жобалық қуаты 100 орыннан аз (26 мемлекеттік, 12 жекеменшік).

Анықтама үшін: 2026 жылы Вишневка ауылындағы «Вишенка» бөбекжай-бақшасы» МКҚК таратылды (жобалық қуаты 15 орын. Аққайың ауданы Черкасское ауылындағы «Чебурашка» бөбекжай-балабақшасын (50 орын) тарату процесі жүріп жатыр.

Ваучерлік қаржыландыру.

2025 жылдың сәуір айынан бастап 45 Петропавл қаласының мектепке дейінгі ұйымдары ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына қосылды. Пилоттық жоба басталғаннан бері 11 759 ваучер берілді.

Облыстың аудандары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кестесіне сәйкес ваучерлік қаржыландыруға көшеді.

 

Орта білім беру

Мектептер желісі - 439 бірлік (мемлекеттік – 435, оның ішінде: 1-кешкі, жеке – 4) . Оқыту қазақ тілінде – 103, орыс тілінде – 224, аралас оқыту тілінде – 112.

Оқушылар контингенті – 72 773.

 Шағын жинақы мектеп – 326 бірлік немесе 74%, онда 19729 оқушы (27%).

 Анықтама үшін: 2024-2025 оқу жылы – 330 ШЖМ, онда 20493 оқушы оқиды.

Мемлекеттік тілде білім беретін ұйымдар желісін кеңейту.

Мемлекеттік тілде білім беретін ұйымдар желісін кеңейту мәселесі СҚО білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасына енгізілген.

2026-2027 оқу жылында облыста орыс тілінде оқытатын мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын 8 сынып ашылды: Айыртау ауданында -1 (№ 1 Саумалкөл орта мектебінде -1 сынып) , Қызылжар ауданында – 4 (Красноярка орта мектебінде - 3 сынып, Соколовка орта мектебінде - 1 сынып), М.Жұмабаев ауданында -3 (Лебяжье орта мектебінде 3 сынып) , сондай-ақ облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік тілде оқытатын және тәрбиелейтін 15 топ ашылды: Қызылжар ауданында -1 (Рассвет орта мектебінің жанындағы ш/орталықта), Айыртау ауданында -1 (Қазан орта мектебінің жанындағы ш/орталықта).

 

«Алтын белгі», үздік аттестат, білім сапасы.

«Алтын белгі» иегері атанған түлектердің саны 41%-ға немесе 11-сыныптың 51 түлегіне артты (2025 ж. – 124, 2026 ж. – 175).

Үздік аттестат иегерлерінің саны 10%-ға немесе 68 түлекке артты (2025 ж. – 652, 2026 ж. – 720).

Бітіру емтихандарының қорытындысы бойынша білім сапасы (9 сынып, 11 сынып) 2026 жылы - 79,33% (2025 ж. – 77,06%).

Білім беру сапасын арттыру, ауыл мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында облыста «Ауыл мектебі – сапа алаңы» ауылдық шағын жинақты мектептердің әлеуетін арттыру жөніндегі республикалық жоба іске асырылуда. Қатысатын мектептер саны 345 немесе 81%: 71 тірек, 274 бекітілген мектептер (2025 жыл - 52 мектеп: 13 тірек, 39 бекітілген; 2026 жыл - 293 мектеп - 58 тірек, 235 бекітілген).:

 

Оқушылардың олимпиадалар мен байқауларға қатысуы.

Жыл сайын облыс оқушылары олимпиадалар мен байқауларда жоғары білім деңгейін көрсетеді.

«ТОП-100 олимпиадалық мектептер» рейтингіне Солтүстік Қазақстан облысының 3 мектебі енді:

- 40 позиция – «Білім-Инновация» лицейі (7 балл);

-73 позиция – «ЛОРД» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты (6 балл);

- 85 позиция – Айыртау ауданы № 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы (3 балл).

«Білім-Инновация» лицейі, Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі, Краснознаменка орта мектебі және «ЛОРД» мамандандырылған мектебі, № 1 Саумалкөл мектебі, № 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы оқушыларының жеңістері СҚО-да дарынды балалар мен мықты педагогтар бар екенін растайды.

 Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Нұрай Бакеева Болгарияда (Варна қаласы) өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 1-орынды және Еуропалық географиялық олимпиадада (EGeo) II орынды иеленді.

2026 жылы ауыл мектептерінің оқушылары да жақсы нәтиже көрсетті. Ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша үш оқушы қорытынды кезеңге қатысу үшін қосымша квота алды. Олардың екеуі: Козлова Евгения (№ 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы, Айыртау ауданы) және Коринец Артем (№ 1 Саумалкөл орта мектебі, Айыртау ауданы) республикалық кезеңде сәтті өнер көрсетті. Козлова Евгения «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен бірінші орынды, ал Коринец Артем «Ағылшын тілі» пәнінен үшінші орынды иеленді. Екі оқушы да «Үздік ауыл оқушысы» құрметті атағына ие болды.

Халықаралық және республикалық олимпиадаларға, сондай-ақ ғылыми жобалар байқауларына қатысу қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған 33 мектеп оқушысы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сыйлығымен марапатталды, сондай-ақ 13 11-сынып оқушылары М. Қозыбаев атындағы СҚУ КЕАҚ-нан білім гранттарын алды.

 

Оқушыларды тасымалдау.

245 елді мекеннен тасмалдаумен 2976 оқушы қамтылды (күнделікті тасымалдаумен - 2292 оқушы, апталық тасымалдаумен - 684 оқушы қамтылды). Оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін 143 автокөлік бірлігі бар.

Автокөлік паркін жаңарту мақсатында:

- 2023 жылы - лизинг есебінен 29 автокөлік;

- 2024 жылы - 37 автокөлік;

- 2025 жылы 11 автокөлік сатып алынды.

Биыл жергілікті бюджеттің бюджеттік қаражатының шектеулі болуына байланысты автокөлікті жаңарту қарастырылмаған.

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне 2027 жылы лизинг есебінен автобус паркін жаңарту қажеттілігі жіберілді - 20 бірлік, 2028 жылы - 20 бірлік, 2029 жылы - 20 бірлік.

Ескі автокөлікті ауыстыру қажеттілігі 29 бірлікті құрайды (Айыртау - 5, Аққайың - 1, Есіл - 2, М. Жұмабаев - 8, Жамбыл - 2, Мамлют - 2, Мүсірепов - 2, Қызылжар - 1, Тимирязев - 1, Уәлиханов - 3, Шал ақын - 2).

 

Тамақтануды ұйымдастыру.

Бір реттік тегін тамақпен 32349 оқушы қамтылды, оның ішінде «Жалпыға бірдей білім беру» қоры бойынша – 6171, бастауыш сынып оқушылары – 24936, демеушілік көмек есебінен – 1242.

17 мектеп-интернатта 5 рет тамақтану ұйымдастырылған (штатта аспаз бар), 422 мектепте бір рет ыстық тамақ беріледі.

Анықтама үшін: Жаңа оқу жылында бір реттік ыстық тамақтың құны: 6-10 жас аралығындағы білім алушылар үшін - 738 теңге, 11-14 жас - 909 теңге, 15-18 жас - 968 теңге.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бір реттік ыстық тамақтандыру жүзеге асырылатын барлық білім беру ұйымдарында жаңа Тамақтану стандарттарына сәйкес мәзір енгізілді.

Денсаулық сақтау басқармасы жаңа оқу жылына арналған ас мәзірін бекітті. Ас мәзіріне жеуге жарамсыздық индексінің мониторингін ескере отырып өзгерістер енгізілді.

 

«Мектепке жол» акциясы.

Облыста «Мектепке жол» акциясы аясында бюджеттік («Жалпыға бірдей білім беру» қоры) және демеушілік қаражат есебінен көмек көрсетілді.

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім-кешек, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін ата-аналарының карт шоттарына ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде қаржылық және материалдық көмек көрсетілді.

Төлемдер ағымдағы жылдың 1 тамызынан басталып, 30 қыркүйекте аяқталды.

Төлем мөлшері 50851 теңгені құрады (2025 ж. - 43407 теңге) ата-аналар растайтын құжаттарды ұсынған кезде.

2026 жылғы акция қорытындысы бойынша төлемдер сомасы 396,0 млн. теңгені құрады (2025 ж. - 400,7 млн. теңге). Әлеуметтік осал топтардан шыққан оқушыларға ата-аналарының 7787 карт шоттарына жәрдемақылар 100% төленді (2025 ж. - 8667 бала).

Демеушілік көмек есебінен 2431 оқушы (2025 ж. - 2472 есеп.) жалпы сомасы 40 млн. теңгеге (2025 ж. - 55 млн. теңге) қамтылды.

 

«Әлеуметтік әмиян» жобасын іске асыру.

2026-2027 оқу жылында жобаға облыстың 398 мектебі қатысады, оның ішінде 74 мектеп аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК) арқылы және 324 мектеп «Бизнес әмиян» (БӘ) жүйесі арқылы қатысады.

Жобаға қатысатын 1 - 4 сынып оқушыларының жалпы саны 25 880, 5 - 11 сыныптар - 4 742.

Бүгінгі таңда 1-ден 4-сыныпқа дейін - 16 855, 5-тен 11-сыныпқа дейін - 2 952 ваучер қалыптастырылып, іске қосылды.

Сонымен қатар, «Әлеуметтік әмиян» ақпараттық жүйесінде цифрлық ваучерлер мен электрондық табельдерді қалыптастыру бойынша қызмет көрсетуге «ҰАТ» АҚ-мен шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Кадрлық қамтамасыз ету.

Жалпы орта білім беру ұйымдарында – 11752 педагог (жоғары білімі бар – 9513 педагог, техникалық және кәсіптік білімі бар – 1368 педагог) жұмыс істейді.

 

Балалар қауіпсіздігі.

Облыста 434 мектеп, 23 колледж, 88 балабақша және басқа да білім беру ұйымдары бар. Олардың ішінде террористік тұрғыдан осал объектілер (ТТО) 369 білім беру ұйымдары (286 мектеп, 57 мектепке дейінгі ұйым, 19 колледж, 5 қосымша білім беру ұйымы, 2 балаларды қолдау орталығы) болып табылады.

Білім беру ұйымдарында 15 764 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 10 166 бірлігі ғимарат ішінде орнатылған, ал 5 598 бірлігі периметрдің сыртқы мониторингін қамтамасыз етеді. Барлығы 11 520 цифрлық және 4 244 аналогтық камера жұмыс істейді.

Хабарлау жүйелері 475 білім беру ұйымдарында бар. Дабыл түймелері 458 білім беру нысандарында орнатылған. 170 мекеме толық көлемде қолжетімділікті бақылау және басқару жүйелерімен (ҚББЖ) жабдықталған және мамандандырылған лицензияланған күзет бекеттерімен қамтамасыз етілген, ал қалған нысандарда бақылау штаттағы күзетшілердің күшімен жүзеге асырылады.

Жедел басқару орталығына (ЖБО) 371 ұйым тікелей қосылды (ағын 8 571 камерадан шығарылды). Аудандық полиция бөлімдеріне (АПБ) 35 ұйым қосылған (сигналды 567 камера береді).

ТТО-ның барлық 369 нысаны қауіпсіздік жүйелерімен (100%) қамтамасыз етілген. 1 топтың 207 объектісі дабыл түймесімен, хабарлау жүйесімен (дауыстық және дыбыстық), ЖБО-ға қосылумен қамтамасыз етілген. 2-ші топтағы 162 нысан қосымша мамандандырылған күзетпен және ҚББЖ-мен (турникеттер) қамтамасыз етілген.

 

Инклюзивті білім беру.

Облыста мүмкіндігі шектеулі 6 мыңнан астам (6771) бала бар (0 жастан 18 жасқа дейін) , оның ішінде 1424 мүгедектігі бар балалар (2025 жылы - 6001 бала).

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік балабақшалардың үлесі 97,1%-ды құрайды.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік мектептердің үлесі – 98,1% (2025 жылы – 97%) .

3 ПМПК (1 – Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және 2 – Өңірлік); 15 түзету кабинеті; 1 Autism – орталық; 13 инклюзияны қолдау кабинеттері (Петропавл қ.); 19 инклюзияны қолдау кабинеттері (облыстың 13 ауданында) жұмыс істейді.

Петропавл қаласының 2 жекеменшік ұйымдарындағы психолог-педагогикалық түзету кабинеттеріндегі кезекті қысқарту мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психолог-педагогикалық қолдауға 185 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. Осы мақсаттарға 2026 жылы 153,2 млн. теңге бөлінді.

 Оқушылар сарайы, «Жас Дарын» өнер мектебі және облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қосымша білім беру үйірмелері жұмыс істейді.

 

Қосымша білім. Жазғы демалыс.

Облыста 87 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Анықтама үшін: білім беру саласы – 30, спорт саласы – 26, мәдениет саласы – 6, жекеменшік және т.б. – 25.

70 мыңнан астам (70 589) баланы қамтитын 2 мыңнан астам (2433) спорт секциясы мен 3 мың (3775) қызығушылық бойынша үйірме жұмысы ұйымдастырылды. Қосымша біліммен қамту 97 % құрайды.

Сонымен қатар, өңірде жыл сайын мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыруға қаржы бөлінеді. Мәселен, 2026 жылы 320 млн. теңге сомасына шығармашылық тапсырыс берілді. (Даму бала – 4 жастан 17 жасқа дейінгі 1560 баланы қамту) және спорттық тапсырыс – 423 орынға, 495 млн. теңге (Арт спорт – 4 жастан 17 жасқа дейінгі 1914 баланы қамту).

Анықтама үшін: 2022 жылы - 3919 орын, оның ішінде спорттық тапсырысқа - 2491 орын, шығармашылық тапсырысқа - 1428 орын, 2023 жылы - 3939 орын, оның ішінде спорттық тапсырысқа - 2700 орын, шығармашылық тапсырысқа - 1239 орын, 2024 жылы - 3960 орын, оның ішінде спорттық тапсырысқа - 3045 орын, шығармашылық тапсырысқа - 915 орын.

Балалардың жазғы демалысы 13 балалар орталығында ұйымдастырылды. Барлығының білім беру-сауықтыру қызметіне лицензиясы бар.

Жазғы кезеңде 6330 бала демалыспен қамтылды. Орталықтардың жұмыс кестесіне сәйкес 5-7 маусым және 59432 МДО-да (мектеп жанындағы алаңдарда) жұмыс істелді.

«Бір күн қалада» жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында 723 ауыл оқушысы қамтылды.

Ағымдағы жылдың 15-31 шілде аралығында Жамбыл ауданында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Солтүстік – Жаңажол» этнолагері өткізілді. Облыста шамамен 300 (275) бала қамтылған.

Білім беруді цифрландыру.

Облыста білім беру жүйесін цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу шаралары дәйекті түрде жүзеге асырылуда.

76 білім беру ұйымдарында мектептің бірыңғай цифрлық контурын қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешендер (АБК) енгізілді: электрондық кітапхана, ғимаратқа кіруді бақылау жүйесі және мектептегі тамақтану ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу.

Облыста білім алушылардың IT-құзыреттерін дамыту мақсатында 80 мектепте «Робототехника» курсы енгізілді. Курсты жүзеге асыру үшін 463 робототехникалық жабдық жиынтығы қолданылады.

Ұлттық білім беру дерекқорының мәліметіне сәйкес, облыста 434 мектеп жұмыс істейді, оның 433-і интернет желісіне қосылған.

 Анықтама үшін: бір мектеп Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағында, ол үшін интернет желісіне кіру қызметі қарастырылмаған.

Жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету көрсеткіші 20 мбит/сек және одан жоғары - 434 мектеп (100%).

Білім беру процесіне цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. BilimClass электронды журналы облыстың 434 мектебінде жұмыс істейді, бұл ретте мектептердің 100%-ы білім берудің цифрлық платформаларына қосылған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы үлгілі шешімдердің бірі жасанды интеллект технологияларын қолданатын «Protector AI» жүйесін енгізу болып табылады. Қазіргі уақытта жүйе облыстағы 44 мектепте 1000-дан астам камераны іске қосып, агрессивті және дұрыс емес мінез-құлық фактілерін тіркеуге және кейіннен білім беру ұйымдарының әкімшілігіне автоматты түрде хабарлауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, өңірде жасанды интеллектіні білім беру процесіне интеграциялауға бағытталған «AI USTAZ» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында оқыту семинарлары өткізіліп, педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетіледі. Облыстың информатика мұғалімдері Astana Hub халықаралық технопаркінің базасында оқудан өтіп, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді әзірлеу негіздерін меңгерді.

Ағымдағы оқу жылында пилоттық жоба жалғасуда және 230 10-11 сынып оқушыларын қамтиды.

«Ustazga AI» жобасы аясында облыс педагогтары Daryn.ai платформасында тегін онлайн-курстан сәтті өтті. Курсты 13 мыңнан астам педагог (100%) аяқтады. Курсты аяқтаған педагогтар «Мұғалім AMANAT» педагогикалық хакатонына қатысады. Республикалық байқауға 18 жоба іріктеліп алынды.

Ағымдағы жылдың 30 наурызынан бастап «ChatGPT Edu» тегін қолжетімділік беру жобасы енгізілді, оған 75 МДҰ (196 лицензия), 433 облыстың мектептері (2530 лицензия) және 23 ТжКБ ұйымдары (304 лицензия) қатысады.

 

Білім беру инфрақұрылымын дамыту.

Мектептер, балабақшалар салу.

Соңғы үш жылда облыста 6 мектеп салынды: Тайынша ауданының Драгомировка ауылында 120 орындық мектеп, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен Тайынша қаласында 600 орындық мектеп, сондай-ақ ЖБ қаражаты есебінен Вишневка ауылында 120 орындық мектеп бой көтерді.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 300 орындық Арнайы мектеп және 50 орындық интернат салынды (Петропавл қаласының «Береке» шағын ауданында).

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Петропавл қаласында (1200 орындық) 2 мектеп салынды («Орман» ш/а, «Береке» ш/а).

Есіл ауданының Еңбек ауылында 50 орындық қазақ тілінде оқытатын бастауыш мектеп салынды. Мектеп құрылысы «БАЙ-ЕҢБЕК» ЖШС жеке инвестициясы есебінен жүзеге асырылды.

Облыс орталығында 510 орындық 3 балабақша салынды (Алматы қ. «Бірлік,» «Береке,» «Жас Өркен»). Дайындық ауылында 35 орындық шағын орталық ашылды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен Петропавл қаласында Ш.Уәлиханов және Чкалов көшелерінің қиылысында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүріп жатыр.

Жобаны іске асыру аясында нысанның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті жиһазбен, технологиялық, оқу және ойын жабдықтарымен, құрал-жабдықтармен, сондай-ақ өзге де материалдық-техникалық құралдармен толық жабдықтау көзделген.

Қызылжар ауданының Белое ауылында 120 орындық мектептің құрылысы жалғасуда. Жобаның сметалық құны 1,4 млрд.теңге. 2026 жылы жергілікті бюджет қаражатынан 500 млн. теңге бөлінді. Құрылысты 2027 жылы аяқтау жоспарлануда.

 

Үш ауысымды оқыту.

Облыста үш ауысымда оқитын 1 білім беру ұйымы жұмыс істейді - Аққайың ауданындағы № 3 Смирнов орта мектебі.

Үш ауысымды оқытуға көшу қазіргі оқу орнында («№ 3 Смирнов орта мектебі» КММ) қазақ тілінде білім алатын оқушыларға арналған орын тапшылығынан (288) туындап отыр. Бұл мектеп жобалық қуаттылығы 170 оқушыға есептелген бұрынғы балабақшаның бейімделген ғимаратында орналасқан.

2025-2026 оқу жылындағы оқушылар саны – 276.

Аталған мәселені шешу үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды.

 

Мектептердің апаттылығы.

 Бүгінгі таңда Қызылжар ауданындағы Белое орта мектебінің ғимараты апатты деп танылды («Стадия» ЖШС «Белое орта мектебі» КММ объектісінің техникалық жай-күйін тексерудің 2025 жылғы апатты деп тану туралы есебі).

Мектептің апатты жағдайын жою үшін 120 орындық мектептің құрылысына ЖСҚ әзірленді, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды, салалық және экономикалық қорытындылар жасалды. Мердігер ұйым анықталды, құрылыс жұмыстары басталды, құрылысты аяқтаудың жоспарланған мерзімі - 2027 жыл.

Анықтама үшін: Қызылжар аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 756 бұйрығына сәйкес, ҚР ЕЖ 1.04 қорытындысы негізінде. – 101 - 2012 2025 жылғы 25 сәуірдегі Белое орта мектебі ғимаратының апатты жағдайы туралы және оқушылардың оқу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Пеньково орта мектебіне күн сайын 96 баланы жеткізу ұйымдастырылды.

 

Күрделі және ағымдағы жөндеу.

Биыл облыстың 12 мектебі 2,2 млрд. теңге сомасына күрделі жөндеуден өтті. 100 білім беру объектілерін ағымдағы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді.

Барлық нысандарда жұмыстар аяқталды.

 

1300 мектепті жаңарту.

Облыста 2025-2027 жылдарға арналған 9 бағыт бойынша орта білім беру объектілерінде кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспары бекітілді (күрделі жөндеу/реконструкциялау, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһазын жаңарту, ВОЛС (ИКИ) қосу, кітапханаларды жаңғырту, асханаларды жаңғырту, спорт залдарын жаңғырту, қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, абаттандыру) .

Осы жоспарға сәйкес облыстың 67 мектебін, оның ішінде 11 мектепті 2025 жылы, 32 мектепті 2026 жылы және 24 мектепті 2027 жылы жаңарту жоспарлануда.

2025 жылы облыстағы 15 мектепті жаңартуға 2,3 млрд теңге бөлінді (күрделі жөндеу - 1 925,9 млн теңге (11 мектеп); ағымдағы жөндеу - 48,2 млн теңге (4 мектеп); пән кабинеттері - 232,3 млн теңге (8 мектеп); мектеп жиһазын жаңарту - 66,1 млн теңге (5 мектеп); асханаларды жаңғырту - 37,4 млн теңге (8 мектеп); кітапханаларды жаңғырту - 5,2 млн теңге (3 мектеп); спорт залын жаңғырту - 18,5 млн теңге (6 мектеп).

2026 жылы реновация аясында тек 6 объектіні күрделі жөндеуге 1 030,7 млн. теңге бөлінді.

 

 

2026-2027 оқу жылына арналған жылыту маусымы.

Облыста білім беру ұйымдарын алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.

Бүгінгі таңда 100% білім беру ұйымдары жылыту жүйелерін тексеруден өткізіп, дайындық паспорттарын алды.

Жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету үшін 106,4 мың тонна көмір сатып алынып, қатты отынды пайдаланатын барлық білім беру ұйымдарына жеткізілді.

Облыста барлығы 538 білім беру объектілері жұмыс істейді, оның ішінде 76 мектепке дейінгі ұйымдар, 439 орта білім беру ұйымдары және 23 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

Жалпы санынан 149 ұйым орталықтандырылған жылыту жүйесіне, 389 – автономды жылыту жүйесіне қосылған.

 Автономды жүйелерде отынның әртүрлі түрлері қолданылады: қатты отын (көмір), электр энергиясы, сатып алынатын отын, биоотын және дизель отыны.

Жылумен жабдықтау жүйелерін жаңарту және сенімділігін арттыру мақсатында 110 қазандық және 8 блокты-модульді қазандықтар (БМҚ) сатып алынды.

Осылайша, білім беру ұйымдарын жылыту маусымына дайындау бойынша негізгі іс-шаралар толық көлемде орындалды, нысандардың дайындығы қамтамасыз етілді және отынның қажетті қоры қалыптастырылды.

 

Мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету.

2026-2027 оқу жылына оқулықтар мен ОӘК сатып алуға 400 млн.теңге бөлінді. Баспалармен 85 келісімшарт және 15 тасымалдау келісімшарты жасалды.

Оқулықтарды жөнелту және тапсыру аяқталды.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру.

Облыста 23 колледж бар (19 мемлекеттік, 4 жекеменшік). 11 колледж Петропавл қаласында, 7-і аудан орталықтарында, 5-і ауылдық жерлерде орналасқан.

2026-2027 оқу жылында облыс колледждерінде 11 023 студент оқиды (2026 ж. – 11058 студент).

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 3725 орынды құрады.

Анықтама үшін: Жұмысшы мамандықтары бойынша кадрларды даярлауды 13 колледж жүзеге асырады; жұмысшы мамандықтары мен орта буын мамандары бойынша - 7 колледж, орта буын мамандары - 3 колледж.

Колледждерде оқыту күндізгі, сырттай, кешкі формаларда жүзеге асырылды.

ТжКБ ұйымдарында өңір экономикасының құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, білім беру, денсаулық сақтау, өнер, байланыс және ақпараттандыру, қызмет көрсету сияқты салалары үшін 68 мамандық және 114 біліктілік бойынша кадрлар даярланады.

Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру аясында 5 колледжде 549 студент қолданбалы бакалавр дәрежесінде оқыды, оның ішінде: мемлекеттік тапсырыс бойынша - 426 адам немесе 78%.

11 колледжде 26 мамандықтар бойынша мемлекеттік тілде 1337 студент даярланады.

21 колледжде 28 мамандықтар бойынша 620 серіктес кәсіпорындармен бірлесіп, 3059 студентті немесе мемлекеттік тапсырыстың 32% қамти отырып, дуальды оқыту нысанында кадрлар даярлау жүзеге асырылды.

Оқу жылы ішінде колледждермен ынтымақтасатын серіктес кәсіпорындардың саны 132 бірлікке артты.

19 колледжде 1124 студентті 113 әлеуметтік серіктестер үшін кадрларды нысаналы даярлау жүзеге асырылды.

2026 жылы колледждерді 3212 білікті маман бітірді, олардың ішінде күндізгі оқу нысаны бойынша – 3056 адам, сырттай – 122 адам, кешкі – 34 адам.

Бітірушілердің жалпы санынан мемлекеттік тапсырыс аясында 2703 адам немесе 84% білім алды. 264 студент колледждерді үздік дипломмен аяқтады.

Колледждердің алдын ала мәліметтері бойынша, жұмыс орындарына 2123 адам (66%) орналастырылды, ЖОО-да оқуын жалғастыратындар – 533 адам (17%), ТжКБ ұйымдарында оқуын жалғастыратындар – 138 адам (4%), ҚР ҚК-дегі қызмет – 181 адам (6%), ҚР шегінен тыс жерлерге кеткендер – 73 адам (2,3%), бала күтімі бойынша демалыстағылар – 74 адам (2,3%), жұмысқа орналасуға мұқтаждар – 90 адам (3%).

Анықтама үшін: 2025 жылы 3476 адам оқу бітіріп, 2415 адам жұмыс орнына орналасты (70%), оның ішінде мамандық бойынша 1878 адам (77%), жоғары оқу орындарына 355 адам түсті (10,2%), ТжКБ ұйымдарында – 182 адам (5,2%), ҚР ҚК-не шақырылғандар – 244 адам (7%), ҚР шегінен тыс жерлерге шығу – 67 адам (1,9%), бала күтімі бойынша (декрет) – 100 адам (2,8%), жұмысқа орналасуға мұқтаж – 85 адам (2,4%).

Қорытындысында, алдын ала деректер бойынша жұмыспен қамту деңгейі - 97,5%-ды құрайды.

Облыстағы колледждерде 1029 инженерлік-педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, олардың қосымша ақы төленетін біліктілік санаттары бар (педагог-модератор - 378, сарапшы - 167, зерттеуші - 115, шебер -1) Оқытушылар құрамының ішінде 7 ғылым кандидаттары, 156 магистр бар.

12 адам «Талап» акционерлік қоғамында штаттан тыс жаттықтырушы болып жұмыс істейді (біліктілікті арттыру курстарын өткізеді).

Колледж әкімшілігі педагогикалық қызметкерлердің сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмыс жүргізді. Оқу процесін ұйымдастыру үшін колледждерге өндірістен 37 маман арнайы пән оқытушысы ретінде тартылды.

2026 жылы «Talap» КЕАҚ арқылы 65 педагог қызметкер, жасанды интеллектті қолдану бойынша 25 адам біліктілікті арттыру курстарынан өтті, 206 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары серіктес кәсіпорын базасында тағылымдамадан өтті.

Жыл бойы колледждер еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтарды ашу бойынша жұмыс істеді, бірақ тек 3 колледж жаңа 3 мамандыққа лицензия алды:

- М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж - «Жеке сүйемелдеуді ұйымдастыру» (деңгейлер бойынша) мамандығы бойынша;

- «Өнер колледжі - Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешені - 02120100 «Интерьер дизайны» мамандығы;

- Искандер Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжі - 03220200 «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы.

Бүгінде облыста 94 кәсіпорын 17 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қамқорлық жасайды.

9 колледж базасында ауыл шаруашылығы, құрылыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, көлік, энергетика, қызмет көрсету саласы, машина жасау бағыттары бойынша 12 құзыреттілік орталығы жұмыс істейді.

21 колледж жанынан жобалық қуаты 3622 орындық 23 жатақхана жұмыс істейді, өткен оқу жылында 2326 студент тұрған. Жатақханаға мұқтаж студенттер жоқ.

Жарияланған күні

28 қазан 2026

Жаңарту күні

28 қазан 2026