Адам суға батып бара жатса не істеу керек?
Жарияланған күні: 25 маусым 2026
Жаңарту күні: 25 маусым 2026
Көру саны:3
- Дауыс шығарып көмекке шақырыңыз және дереу 112 нөмірі бойынша құтқарушыларды шақырыңыз;
- Құтқару шеңберін, үрлемелі матрасты, арқанды, тақтайды немесе су бетінде қалқып тұратын кез келген затты лақтырыңыз;
- Егер жүзуді жақсы меңгергеніңізге және көмек көрсете алатыныңызға сенімді болсаңыз, суға батып бара жатқан адамға тек арқа жағынан жақындаңыз. Оның бетін су үстінде ұстайтындай етіп қаусырып алып, жағаға қарай жүзіңіз;
- Зардап шегушіні жағаға шығарғаннан кейін алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
- Есіңізде болсын: өз күшіңізге сенімді болмасаңыз, өміріңізді қатерге тікпеңіз. Мұндай жағдайда дереу құтқарушыларды шақырған дұрыс.