Облыс әкiмдiгi жанындағы кәмелетке толмағандар iстерi және олардың құқығын қорғау жөнiндегi комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспары

«Бекiтемiн»
Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмiнiң орынбасары,
Облыс әкiмдiгi жанындағы кәмелетке
толмағандар iстерi және олардың
құқығын қорғау жөнiндегi комиссия
төрағасы
_____________ Ғ. Нығыметов
2020 жылғы «____» ___________

Облыс әкiмдiгi жанындағы кәмелетке толмағандар iстерi және олардың құқығын қорғау жөнiндегi комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспары

Реттік № Іс-шаралар Аяқтау нысаны Жауаптылар
1-отырыс (ақпан)
1. Балаларда адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру туралы Ақпарат, хаттама Шал ақын, Жамбыл аудандары әкімдіктері жанындағы комиссия төрағалары
2. Кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыстағы жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметтері туралы Ақпарат, хаттама Жастар саясаты мәселелері басқармасы
2-отырыс (сәуір)
3. Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты ескерту және профилактикасы жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы Ақпарат, хаттама «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК Петропавл қ. әкімдіктері жанындағы комиссия төрағасы
4 Кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігі мен жыныстық тәрбие профилактикасы туралы Ақпарат, хаттама Денсаулық сақтау басқармасы
3-отырыс (маусым)
5. Жазғы кезеңде белсенді демалыс орындарында балалар қауіпсіздігі мәселесі (балалар атракциондары, ойын алаңдары) Ақпарат, хаттама Петропавл қаласының әкімдігі,
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаменті
6. Жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалыстарын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы Ақпарат, хаттама Білім басқармасы
4-отырыс (тамыз)
7. Ішкі істер органдарында есепте тұрған балаларға медициналық-әлеуметтік есеп жүргізуді ұйымдастыру туралы Ақпарат, хаттама Денсаулық сақтау басқармасы
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Білім басқармасы
СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы (келісім бойынша)
8. Білім мекемелерінде балалардың жекелеген санаттарын жалпы оқыту және тамақтандыруды ұйымдастыру қорын қалыптастыру Ақпарат, хаттама Білім басқармасы
9. Тиісті мектептері жоқ елді мекендерден балаларды тегін тасымалдауды ұйымдастыру туралы Ақпарат, хаттама Білім басқармасы
5-отырыс (қыркүйек)
10. Кәмілетке толмағандарды есірткі қолдануға және таратуға, жезөкшелікпен, басқа да заңға қарсы қылықтармен айналысуға тарту, түнгі уақытта оларды көңіл көтеру орындарында табу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау мақсатында жастардың жаппай жиналатын орындарын, ойын-сауық мекемелерін тексеру жөніндегі іс-шаралар жүргізу туралы Ақпарат, хаттама Айыртау және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандар әкімдіктері жанындағы комиссия төрағалары
11. Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылық профилактиккасы туралы (балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік) Ақпарат, хаттама СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы (келісім бойынша)
Аққайың, Есіл аудандары әкімдіктері жанындағы комиссия төрағалары
6-отырыс (қараша)
12. Кәмелетке толмағандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы (Баланың құқығын қорғауды күшейту жөніндегі жол картасының тармақтарын орындау) Ақпарат, хаттама Білім басқармасы
Бірлесіп баяндаушы: Полиция департаменті (келісім бойынша)
13. Салауатты өмір салтын жүргізу үшін жағдайлар жасау және уәждемені қалыптастыру туралы (2020-2021 жылдарға арналған «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» партиялық жобаны іске асыру жөніндегі жол картасын орындау) Ақпарат, хаттама Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Бірлесіп баяндаушы: Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Ішкі саясат басқармасы
14. Комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және қабылдау Жоспар жобасы Облыстық комиссия төрағасы және мүшелері
Жарияланған күні

09 қазан 2020

Жаңарту күні

09 қазан 2020