Облыс бюджетінің атқарылуы (2024 жылғы 1-жартыжылдық)
Көру саны:21
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Еліміздің экономикасын дамытуға қатысты бүгін айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалды. Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу.
Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағдарлануы тиіс.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
- Кіріс көздерінің барлық түрлері бойынша облыс бюджеті 2024 жылғы 6 ай жоспарындағы 237 869,7 млн. теңгеден 101,9%-ға атқарылды немесе 242 439,8 млн.теңге түсті. Оның ішінде:
Меншікті кіріс бойынша жоспар 61 886,2 млн.теңге сомасында немесе 104,5% атқарылды (жоспар – 59 199,8 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаменті есепке алатын салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 55 562,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет жоспары 32 585,6 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 22 977,2 млн. теңге. Нақты есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 57 871,7 млн.теңге немесе 104,2%, оның ішінде облыстық бюджетке 32 818,7 млн. теңге немесе 100,7%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне 25 053,0 млн. теңге немесе 109,0% түсті.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 167 749,4 млн.теңге сомада немесе 98,9% түсті.
- 2024 жылғы 1-жартыжылдықта шығыстар бойынша облыс бюджеті 99,9%-ға атқарылды, жоспардағы 241 246,8 млн. теңгеден шығыстар 241 046,4 млн. теңге сомаға жүргізілді. Шығыстар 200,4 млн. теңге сомада игерілмеді.
Білім беру саласы бойынша шығыстар 2024 жылғы 1-жартыжылдықта 86 302,9 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100,0% (жоспар – 86 308,0 млн. теңге).
Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 2 954,6 млн. теңгеден игерілу 2 954,6 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.
Күрделі жөндеуге 1 846,5 млн. теңге бағытталды, игерілу 1 846,5 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 1 509,6 млн. теңге бағытталды, жоспардың игерілуі 100,0 пайызды құрады (жоспар 1 509,7 млн. теңге).
1-кесте
Денсаулық сақтау бойынша 2024 жылғы 1 шілдедегі шығыстар 3 млрд 434,0 млн. теңгені (2-кестеге сәйкес) немесе 100 % (жоспар 3 млрд 434,0 млн. теңге) құрады.
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы бойынша 2 млрд 386,2 млн. теңге бағытталды, игерілуі 2 млрд 386,2 млн.теңгені немесе 100% құрады.
Күрделі жөндеуге жоспар бойынша 580,6млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспар бойынша
160,9 млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.
2-кесте
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 13 593 млн. теңгені немесе жоспардың 99,8 % құрады (жоспар 13 615,1 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 89,8 млн. теңге бағытталды, жоспар 100% пайызға игерілді (жоспар 89,8 млн.теңге).
3-кесте
Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 6 731,1 млн. теңгеден 6 729,4 млн. теңгені немесе 99,8% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 199 млн.теңге немесе жоспардың 100% бағытталды (жоспар 199 млн.теңге).
4-кесте
Спорт бойынша жоспардағы 7 913,7 млн.теңге 7 899,8 млн. теңге немесе 99,8 % игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 286 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 286 млн. теңге немесе 100%).
5-кесте
Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында жалдамалы-коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2024 жылғы 1 шілдедегі тұрғын үй салуға шығыстар 4 065, 4 млн. теңгені құрады (игерілу 100%). 2024 жылы республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 9 313,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 15 359, 7 млн. теңге бөлінді.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2024 ж.01.07 жоспарындағы 1 107,4 млн. теңгеден 1 100,3 млн. теңге немесе 99,4% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 2024 жылғы 1 шілдедегі арналған жоспардағы 13 974,6 млн. теңгеден игерілу 13 959,6 млн.теңгені немесе 99,9% құрады.
24 қыркүйек 2024
24 қыркүйек 2024