Референдум 2024

 

Солтүстікқазақстандықтар өздерінің сайлау учаскесі туралы қайдан біле алады

6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Солтүстікқазақстандықтар өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше ақпарат көздері арқылы ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді. Оны мына жолдармен жасауға болады:

- Ресми веб-қызметте: https://izbiratel.sko.kz/?lang=kz; 
- Telegram-да чат-бот арқылы: https://web.telegram.org/k/#@SailauSkoBot;
- IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша.

Жарияланған күні

13 қыркүйек 2024

Жаңарту күні

13 қыркүйек 2024