Облыс бюджетінің атқарылуы (2017 жылғы)

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында айтқандай, «Стратегия — күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті — осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін».

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

1. Кірістер бойынша облыс бюджеті 2017 жылғы 100,6% атқарылған немесе есепті кезең жоспарындағы 189 062,0 млн. теңгеден 188 027,6 млн. теңге түсті.

Жеке табыстар бойынша жоспар 42 752,7 млн. теңге сомасында немесе 102,5% орындалды (жоспар — 41 716,6 млн. теңге).

Мемлекеттік кірістер департаментімен ескерілетін салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 39 965,9 млн. теңгені құрайды, соның ішінде облыстық бюджет жоспары 16 851,8 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 23 114,1 млн. теңге.

Есепті кезеңде облыс бюджетіне 40 958,1 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 102,5% түсті, соның ішінде облыстық бюджет жоспары 17 152,4 млн. теңге немесе 101,8%, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 23 805,7 млн. теңге немесе 103,0%.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 141 183,2 млн. теңге немесе 100%.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2017 жылғы 99,7% атқарылды, жоспардағы 190 149,3 млн. теңгеден шығыстар 189 625,6 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 523,7 млн. теңге сомасында игерілмеді.

Біліммекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2017 жылғы 46 927,8 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9% (жоспар — 46935,5 млн. теңге).

Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 369,5 млн. теңгеден игеру 369,5 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 566,5 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 99,4 пайызды құрады (жоспар 570,0 млн. теңге).

1-кесте

Денсаулық сақтаубойынша 2017 жылғы шығыстар 10 769,1 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9% (жоспар 10 771,6 млн. теңге).

2-кесте

Халықты әлеуметтік қорғаубойынша шығыстар 5 893,2 млн. теңгені немесе жоспардың 99,8% құрады (жоспар 5 902,8 млн. теңге).

3-кесте

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамаларбойынша шығыстар жоспардағы 3 283,4 млн. теңгеден 3 281,2 млн. теңгені немесе 99,9% құрады (4-кестеге сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 205,4 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 100% (жоспар 205,4 млн. теңге).

4-кесте

Ескерту: 2013-2015 жылдардағы шығыстар мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес.

Туризм және спортбойынша — жоспардағы 3958,1 млн. теңгеден 3 938,4 млн. теңге немесе 99,5% игерілді (5-кестеге сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 210,4 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 210,4 млн. теңге немесе 100%).

5-кесте

Жаңа тұрғын үй саясатыніске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2017 жылғытұрғын үй салуғашығыстар 8 321,3 млн. теңгені құрады (жоспар 8 321,3 млн. теңге немесе 100%), ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 5 110,6 млн. теңге тұрғын үй салуға бағытталды

Сумен жабдықтау объектілерін салуға және реконструкциялауғаЖоспардағы 1 991,1 млн. теңгеден 1 949,5 млн. теңге жіберілді немесе атқарылу 97,9% құрады. Оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 1 649,2 млн. теңге.

Облыстыңавтомобиль жолдары желісін дамытубойынша 15 418,9 млн. теңге игерілді (жоспар 15 418,9 млн. теңге немесе 100%).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020»бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;
  2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту;
  3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту;
  4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту;
  5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру;
  6. Халықтың шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылуын ұлғайту;
  7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау;
  8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
  9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;
  10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
  11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

«Бизнестің жол картасы 2020»бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бойынша 1 482,1,5 млн. тенге. 2017 жылғы 9 айда жоспарындағы 1476,6 млн. теңгеден игерілді (жоспар 1482,1 млн. теңге немесе 99,6%), соның ішінде:

  • пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға есепті кезең жоспарындағы 1316,1 млн. теңгеден игерілді 1316,1 млн. теңге немесе 100% игерілді;
  • жеке кәсіпкерлікті қолдауға есепті кезең жоспарындағы 16,0 млн. теңгеден игерілді 16,0 млн. теңге;
  • шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге жылдық жоспардағы 150 млн. теңгеден 144,5 млн. теңге немесе 96,3% игерілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2017 жылы 5342,6 млн. теңге сомасына бюджеттік қаражат бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 2725,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2617,5 млн. теңге.

Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бірінші бағыт бойыншаБағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды қамтамасыз етуге жылдық жоспар 436,4 млн. теңге құрайды, игерілу 435,9 млн. теңгені немесе 99,0 пайызды құрады.

Екінші бағыт бойыншажаппай кәсіпкерлікті дамытуға жылдық жоспар 2246,4 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 1782,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 464,3 млн. теңге. 100 пайызды құрады.

Үшінші бағыт бойыншахалықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының жұмылғыштығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жылдық жоспар 2383,4 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 942 млн. теңге, жергілікті бюджетен 1441,4 млн. теңге. Есепті кезеңдегі жоспарындағы 2383,4 млн. теңгеден игерілу 2334,9 млн. теңгені немесе 98 пайызды құрады, игерілмеу ЖСТ-мен 48,5 мың теңге, соның ішінде:

жастар практикасы 0,3 млн. теңге, оның ішінде:

0,2 млн. теңге — контингенттің болмауы (Есіл ауданы, Тимирязев ауданы);

аудандар бойынша дөңгелектеу есебінен — 0,1 млн. тг.;

әлеуметтік жұмыс орындары бойынша: 0,4 млн. теңге, оның ішінде:

төлем орындалған жұмыс фактісі бойынша (Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Тимирязев ауданы, Шал ақын ауданы).

көшуге арналған субсидиялар: 0,2 млн. т., қоныс аударуға өтінім білдірушілер фактісі бойынша төлем (Есіл ауданы, Жамбыл ауданы, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан).

қоныс аударушылар мен оралмандарға арналған тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шығыстарын өтеуге субсидиялар: 1,3 млн. теңге, оның ішінде контингенттің болмауынан (Тимирязев ауданы, Уәлихан ауданы, Шал ақын ауданы);

Басқа да шығыстар:

14 жұмыспен қамту орталығын ұстау — жылдық жоспар — 275,5 кезеңдегі жоспарындағы 199,5 млн. теңгеден 199,3 млн. теңге немесе 100 пайызды игерілді.

Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу — жылдық жоспар 1 млн. теңге, 100 пайызды құрады.

Жарияланған күні

25 желтоқсан 2019

Жаңарту күні

25 желтоқсан 2019