Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру

ИИДМБ Бағдарламасын iске асыру

Облыс кәсiпорындарында технологиялық құрал-жабдықтарды жаңарту, жаңа жоғары технологиялық өндiрiстi және перспективалық бәсекеге қабiлеттi өнiм түрлерiн игеруге бағытталған, перспективалық инвестициялық жобалар әзiрленедi және iске асырылады.

Мемлекеттiк индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына облыста жалпы сомасы 67 млрд. теңгенi құрайтын, 43 инвестициялық жоба қосылған. Оның iшiнде, 2015-2017 жылдары 27 жоба iске асырылған, құны —16,2 млрд. теңге, 2017 жылы — 8 жоба жүзеге асырылды сомасы 5,7 млрд. теңге, соның iшiнде облыс үшiн жаңа өндiрiстер:

  • «Кондитер өнiмдерi өндiрiсiн кеңейту» «Vizavi Company» ЖШС;
  • «Майлы дақылдарды өңдеу зауытының 2-iншi кезегiн салу» «Тайынша май» ЖШС;
  • «Қаптау кiрпiшiнiң өндiрiсi» «Гиперкирпич СК» ЖШС;
  • «SIP-панель өндiрiсiн ұйымдастыру» «Арғын СКО» ЖШС;
  • «Тез дайындаланатын өнiм өндiрiсi кешенiнсалу» «РимКазАгро» ЖШС;
  • «Еттен жасалған жартылай дайын өнiм шығару кешенi» «Загот Интер» ЖШС;
  • «Тетра Пак жоғары технологиялық жабдық орнатумен сүт зауытын жаңғырту» «Масло-Дел» ЖШС филиал Петропавл қ.;
  • «Өсiмдiк майы өндiрiсiн кеңейту» «Династия-Агро» ЖШС.

Жобалардың айтарлықтай саны тамақ өнеркәсiбiнде iске асырылды — 5,6 млрд. теңге сомаға 6 жоба.

5 жоба Петропавл қ. iске асырылды, Тайынша, Қызылжар және Жамбыл аудандарында — 1 жобадан.

Жарияланған күні

23 желтоқсан 2019

Жаңарту күні

17 сәуір 2020