Облыс бюджетінің атқарылуы (2023 жылғы 9 айда)
Көру саны:13
Облыс бюджетінің атқарылуы
(2023 жылғы 9 айда)
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Еліміздің экономикасын дамытуға қатысты бүгін айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалды. Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу.
Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағдарлануы тиіс.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
- Кіріс көздерінің барлық түрлері бойынша облыс бюджеті 2023 жылғы 9 ай жоспарындағы 336 258,5 млн. теңгеден 100,8%-ға атқарылды немесе 338 985,1 млн.теңге түсті. Оның ішінде:
Меншікті кіріс бойынша жоспар 85 813,5 млн.теңге сомасында немесе 102,4% атқарылды (жоспар – 83 829,1 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаменті есепке алатын салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 75 372,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет жоспары 41 400,5 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 33 972,1 млн. теңге. Нақты есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 76 967,4 млн.теңге немесе 102,1%, оның ішінде облыстық бюджетке 41 784,4 млн. теңге немесе 100,9%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне 35 183,0 млн. теңге немесе 103,6% түсті.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 231 573,2 млн.теңге сомада немесе 100% түсті.
- 2023 жылғы 9 айда шығыстар бойынша облыс бюджеті 99,8%-ға атқарылды, жоспардағы 332 692,8 млн. теңгеден шығыстар 332 130,1 млн. теңге сомаға жүргізілді. Шығыстар 562,7 млн. теңге сомада игерілмеді.
Білім беру саласы бойынша шығыстар 2023 жылғы 9 айда 105 519,9 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100,0% (жоспар – 105 538,4 млн. теңге).
Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 5 354,8 млн. теңгеден игерілу 5 354,8 млн. теңгені немесе 100% құрады.
Күрделі жөндеуге 3 168,5 млн. теңге бағытталды, игерілу 3 168,1 млн. теңгені немесе 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 1671,4 млн. теңге бағытталды, жоспардың игерілуі 99,9 пайызды құрады (жоспар 1672,4 млн. теңге).
Денсаулық сақтау бойынша 2023 жылғы 1 қазандағы шығыстар 8 млрд. 338,4 млн. теңгені (2-кестеге сәйкес) немесе 98,2 %
(жоспар 8 млрд. 487 млн. теңге) құрады.
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы бойынша 4 млрд 343 млн. теңге бағытталды, игерілуі 4 млрд 194,4 млн. теңгені немесе 96,6% құрады.
Күрделі жөндеуге жоспар бойынша 1074,3 млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспар бойынша 761,7 млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 13 501,6 млн. теңгені немесе жоспардың 100 % құрады (жоспар 13 503,1 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 112,4 млн. теңге бағытталды, жоспар 100 пайызға игерілді (жоспар 112,4 млн.теңге).
Мәдениет бойынша шығыстар жоспардағы 8 994,8 млн. теңгеден 8 994,1 млн. теңгені немесе 100% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 193,8 млн. теңге немесе жоспардың 100% бағытталды (жоспар 193,9 млн. теңге).
Спорт бойынша жоспардағы 9 953,0 теңгеден 9 952,8 млн. теңге немесе 100% игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 200,8 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 200,8 млн. теңге немесе 100%).
Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында жалдамалы-коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2023 жылғы 1 қазандағы тұрғын үй салуға шығыстар 10 818, 3 млн. теңгені құрады (игерілу 10 818, 3 млн. теңге немесе 100%). 2023 жылы республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 3 295,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 18 790,3 млн. теңге бөлінді.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2023ж.01.10 жоспарындағы 8 243,1 млн. теңгеден 8 113,1 млн. теңге немесе 98,4% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 2023 жылғы 1 қазандағы арналған жоспардағы 22 536,1 млн. теңгеден игерілу 22 410,0 млн.теңгені немесе 99,4% құрады.
10 қараша 2023
10 қараша 2023