«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес (Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының 2023.16.06 № 23.7-9/1301 хаты), Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2021 жылғы 1 қазаннан 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Мекеме қызметкерлерінің банкте ағымдағы шоты болмаған кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бұзу белгіленді, яғни жалақы басқа жеке тұлғаның карточкалық шотына аударылған.

Жарияланған күні

12 қыркүйек 2023

Жаңарту күні

12 қыркүйек 2023