Облыс бюджетінің атқарылуы (2023 жылғы 1-жартыжылдықта)
Көру саны:8
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Біз әр шешімді мұқият саралап, әр істі байыппен жасауға тиіспіз. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Мұның бәрі – оңай жұмыс емес, біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жұмыс бізден жоғары жауапкершілікті, елімізге және бір-бірімізге деген жанашырлықты талап етеді. Сондықтан баршаңызды жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын.
Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағдарлануы тиіс.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
- Кіріс көздерінің барлық түрлері бойынша облыс бюджеті 2023 жылғы 6 ай жоспарындағы 196 164,2 млн. теңгеден 102,5%-ға атқарылды немесе 201 112,9 млн.теңге түсті. Оның ішінде:
Меншікті кіріс бойынша жоспар 55 668,9 млн.теңге сомасында немесе 107,7% атқарылды (жоспар – 51 709,2 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаменті есепке алатын салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 49 473,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет жоспары 26 991,1 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 22 482,5 млн. теңге. Нақты есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 51 721,2 млн.теңге немесе 104,5%, оның ішінде облыстық бюджетке 27 291,9 млн. теңге немесе 101,1%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне 24 429,3 млн. теңге немесе 108,7% түсті.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 141 481,5 млн.теңге сомада немесе 100% түсті.
- 2023 жылғы 1-жартыжылдықта шығыстар бойынша облыс бюджеті 99,9%-ға атқарылды, жоспардағы 190 422,9 млн. теңгеден шығыстар 190 272,1 млн. теңге сомаға жүргізілді. Шығыстар 150,8 млн. теңге сомада игерілмеді.
Білім беру саласы бойынша шығыстар 2023 жылғы 1 жартыжылдықта 75962,3 млн. теңгені құрады (1 - кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100,0% (жоспар – 75979,1 млн. теңге).
Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 4177,2 млн. теңгеден игерілу 4177,2 млн. теңгені немесе 100% құрады.
Күрделі жөндеуге 1253,1 млн. теңге бағытталды, игерілу 1253,1 млн. теңгені немесе 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 471,4 млн. теңге бағытталды, жоспардың игерілуі 100 пайызды құрады (жоспар 471,5 млн. теңге).
1-кесте
Денсаулық сақтау бойынша 2023 жылғы 1 шілдедегі шығыстар 4 млрд. 501,4 млн. теңгені (2-кестеге сәйкес) немесе 100 %
(жоспар 4 млрд. 501,4 млн. теңге) құрады.
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы бойынша 2 млрд 322,6 млн. теңге бағытталды,
игерілуі 2 млрд 322,6 млн. теңгені немесе 100% құрады.
Күрделі жөндеуге жоспар бойынша 388,2 млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспар бойынша
0,5 млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.
2-кесте
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 8 480,5 млн. теңгені немесе жоспардың 99,9 % құрады (жоспар 8 484,6 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 50,1 млн. теңге бағытталды, жоспар 99 пайызға игерілді (жоспар 50,7 млн.теңге).
3-кесте
Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 5649,8 млн. теңгеден 5649,3 млн. теңгені немесе 100% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 141,1 млн. теңге немесе жоспардың 100% бағытталды (жоспар 141,1 млн. теңге).
4-кесте
Спорт бойынша жоспардағы 6552,6 млн. теңгеден 6552,4 млн. теңге немесе 100% игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 111,4 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 111,4 млн. теңге немесе 100%).
5-кесте
Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында жалдамалы-коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2023 жылғы 1 шілдедегі тұрғын үй салуға шығыстар 5 850,2 млн. теңгені құрады (игерілу 5 842,6 млн. теңге немесе 99,9%). 2023 жылы республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 4 788,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 18 498,5 млн. теңге бөлінді.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2023ж.01.07 жоспарындағы 3 844 млн. теңгеден 3 844 млн. теңге немесе 100% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 2023 жылғы 1 шілдедегі арналған жоспардағы 7 722,1 млн. теңгеден игерілу 7 631,5 млн.теңгені немесе 98,8% құрады.
17 тамыз 2023
17 тамыз 2023