БЖЗҚ-да ашық есік күні өткізіледі

2023 жылғы 22 маусымда "БЖЗҚ" АҚ онлайн-форматта "Ашық есік күнін" өткізеді.

Іс-шараның тақырыбы "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы".

Қор мамандары болашақта лайықты төлемдер алу мақсатында зейнетақыны жоспарлау туралы мағлұмат береді. Зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақының болжамды мөлшерін қалай есептеу керектігін үйретеді.

Қатысушылар негізгі күн тәртібінен басқа жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша да білікті кеңес ала алады.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша тіркелу қажет:

  • мобильді құрылғы арқылы Webex Meet қосымшасын орнату қажет;
  • дербес компьютер арқылы htpps://enpf.webex.com сайтқа өтіңіз.

Содан кейін әр сессия үшін event-кеңестің нөмірі мен паролін жеке енгізу:

  • сағат 10:00-деөткізіледі: Event-кеңес нөмірі: 2516 487 1010 оқиға паролі: SKOF
  • сағат 12:00-деөткізіледі: Event-кеңес нөмірі: 2519 854 1812 оқиға паролі: SKOF 
  • сағат 14:00-деөткізіледі: Event-кеңес нөмірі: 2511 287 5318 оқиға паролі: SKOF 
  • сағат 16:00-деөткізіледі: Event-кеңес нөмірі: 2514 592 5713 оқиға паролі: SKOF

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

Жарияланған күні

12 маусым 2023

Жаңарту күні

12 маусым 2023