Әлеуметтiк көмек

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2023 жылғы 1 маусымдағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 5,7 мың адамды құрады.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мыналар:

  • 1253 отбасындағы 5495 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 236,5 млн. теңге сомасында тағайындалды.
  • 248 отбасына 4,7 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 %-ға немесе 6 отбасына аз (2022 жылғы 01.06. – 254 отбасы).

14013 азаматқа 523,6 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,0 %-ға немесе 671 адамға артты (2022 жылғы 01.06. – 13342 адам).

"Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" КММ, Петропавл қ, Абай көшесi, 64, 8(715-2)-46-46-97 тел. нөмiрі бойынша толық ақпарат алуға болады.

Жарияланған күні

12 маусым 2023

Жаңарту күні

12 маусым 2023