Облыс бюджетінің атқарылуы (2023 жылғы1 тоқсан)
Көру саны:7
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Біз әр шешімді мұқият саралап, әр істі байыппен жасауға тиіспіз. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Мұның бәрі – оңай жұмыс емес, біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жұмыс бізден жоғары жауапкершілікті, елімізге және бір-бірімізге деген жанашырлықты талап етеді. Сондықтан баршаңызды жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын.
Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағдарлануы тиіс.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
- Кіріс көздерінің барлық түрлері бойынша облыс бюджеті 2023 жылғы 1тоқсан жоспарындағы 78 537,0 млн. теңгеден 104,4%-ға атқарылды немесе 81 988,5 млн.теңге түсті. Оның ішінде:
Меншікті кіріс бойынша жоспар 25 470,8 млн.теңге сомасында немесе 109,7% атқарылды (жоспар – 23 221,7 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаменті есепке алатын салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 22 237,3 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет жоспары 11 690,1 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 10 547,2 млн. теңге. Нақты есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 23 777,1 млн.теңге немесе 106,9%, оның ішінде облыстық бюджетке 11 997,2 млн. теңге немесе 102,6%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне 11 779,9 млн. теңге немесе 111,7% түсті.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 54 547,2 млн.теңге сомада немесе 100% түсті.
- 2023 жылғы 1 тоқсан шығыстар бойынша облыс бюджеті 100%-ға атқарылды, жоспардағы 68 389,7 млн. теңгеден шығыстар 68 375,0 млн. теңге сомаға жүргізілді. Шығыстар 14,7 млн. теңге сомада игерілмеді.
Білім беру саласы бойынша шығыстар 2023 жылғы 1 тоқсанда 32 976,8 млн. теңгені құрады (1 - кестеге сәйкес) немесе жоспардан 79,8% (жоспар – 41 334,7 млн. теңге).
Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 2558,0 млн. теңгеден игерілу 2558,0 млн. теңгені немесе 100% құрады.
Күрделі жөндеуге 1,0 млн. теңге бағытталды, игерілу 1,0 млн. теңгені немесе 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 40,3 млн. теңге бағытталды, жоспардың игерілуі 100 пайызды құрады (жоспар 40,4 млн. теңге).
1-кесте
Денсаулық сақтау бойынша 2023 жылғы 1 сәуірдегі шығыстар 1 млрд. 321,3 млн. теңгені (2-кестеге сәйкес) немесе 100 % (жоспар 1 млрд. 321,3 млн. теңге) құрады.
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы бойынша 310 млн. теңге бағытталды, игерілуі 310 млн.теңгені немесе 100% құрады..
Күрделі жөндеуге жоспар бойынша 66,3 млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспар бойынша есепті кезеңге жоспар қарастырылмаған.
2-кесте
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 4002,9 млн. теңгені немесе жоспардың 100 % құрады (жоспар 4003,3 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 23,0 млн. теңге бағытталды, жоспар 100 пайызға игерілді (жоспар 23,0 млн.теңге).
3-кесте
Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 2 005,2 млн. теңгеден 2003,5 млн. теңгені немесе 99,9% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 5,6 млн. теңге немесе жоспардың 79,5% бағытталды (жоспар 7,0 млн. теңге).
4-кесте
Спорт бойынша жоспардағы 2 728,7 млн. теңгеден 2728,5 млн. теңге немесе 100% игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 38,7 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 38,7 млн. теңге немесе 100%).
5-кесте
Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында жалдамалы-коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2023 жылғы 1 сәуірдегі тұрғын үй салуға шығыстар 1,4 млн. теңгені құрады (жоспар 1,4 млн. теңге немесе 100%). 2023 республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 3 181,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 10 145,3 млн. теңге бөлінді.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2023ж.01.04 жоспарындағы 1 272,1 млн. теңгеден 1 272,1 млн. теңге немесе 100% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 2023 жылғы 1 сәуірдегі арналған жоспардағы 2 730,3 млн. теңгеден игерілу 2 729,8 млн.теңгені немесе 100% құрады.
22 мамыр 2023
22 мамыр 2023