Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің 2022 жылы атқарған жұмысы туралы жыл сайынғы есебі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің2022 жылы атқарған жұмысы туралыжыл сайынғы есебі

2022 жылы ішінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен 14 аудиторлық іс-шарасы өткізілді, соның ішінде мемлекеттік аудиттің 9 объектісінде  тиімділік, сәйкестік аудиті және мемлекеттік аудиттің 5 объектісінде сәйкестік аудиті өткізілді.

Бюджеттік заңнамасының нормаларына тиімділік және сәйкестік аудитін өткізу кезінде жинақталған қаражаттардың көлемі, соның ішінде  есеп беру кезеңі ішінде мемлекеттік сатып алулар заңнамасының сәйкестігіне 7,9 млрд. теңгені құрайды. Жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды немесе аудитпен жинақталған қаражаттардың көлеміне 23,7% құрайды, соның ішінде қаржылық бұзушылықтар 47,0 млн. теңге(қалпына келтіруге жатады – 24,4 млн. теңге және қайтаруға – 22,6 млн. теңге), процедуралық сипатындағы бұзушылықтар 1278,4 млн. теңге, мемлекеттік сатып алулардың рәсімдерін жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар 540,4 млн. теңге (соның ішінде мемлекеттік сатып алулардың қорытындыларына ықпал еткен сомасы 76,5 млн. теңге).

Есеп беру кезеңі ішінде барлығы 46,5 млн. теңге қайтарылды және қалпына келтірілді немесе бюджетке қайтарылуға және қалпына келтіруге жататын қаражаттар  сомасының 99% құрайды(қайтарылмаған 0,5 млн. теңге мөлшеріндегі сома қалдық бойынша № 1112-21-00-2/1049-1 атқарушылық парақ негізінде атқарушылық іс қозғалды, сот бюджет кірісіне мердігерден төлеттіріп алуды  айқындады).

Ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша:

  • мемлекеттік аудит объектілеріне Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 19 өкімі және бұзушылықтар мен кемшіліктерді болдырмау бойынша 115 ұсыныс жіберілді, соның ішінде 113 ұсыныс орындалды;
  • әкімшілік жауапкершілікке 11 лауазымды адам тартылды, оларға қатысты жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге әкімшілік жаза салу туралы 14 қаулысы шығарылды, сондай-ақ әкімшілік жаза салу туралы  24 хаттама жасалды (100% төленді);
  • тәртіптік жауапкершілікке 94 лауазымды адам тартылды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкіміаппараты ішкі аудит қызметініңбасшысы– мемлекеттік аудитор М.К. Есмағамбетов

Жарияланған күні

27 наурыз 2023

Жаңарту күні

27 наурыз 2023

Түрі