Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығының 75 жылдығына арналған бейнефильм жасау бойынша конкурстық жұмыстарды бағалау нәтижелері.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2022 жылғы тамыз айында мемлекеттік орман шаруашылығының жұмысы туралы фильм-портрет жасау бойынша Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығының 75 жылдығы мерейтойлық күніне конкурс жариялады.

Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау мақсатында 5 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылды.

Облыстың барлық орман шаруашылықтары бойынша қарастыру үшін 12 жұмыс ұсынылды.

Жеңімпаздарды анықтау конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттерін көрсететін бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылды – бұл тақырыпты ашудың сәйкестігі мен толықтығы, жұмысты рәсімдеу сапасы, тапсыру нысаны, шығармашылық тәсіл, тақырыпты баяндау бойынша жұмыстың өзіндік ерекшелігі, тұтастығы мен түсінігі, нәтижелерге қол жеткізу.

Ең көп ұпай жинаған қатысушы байқау жеңімпазы деп жарияланды. Екінші және үшінші орын төмендеу тәртібімен ұпай жинаған қатысушыларға берілді.

Ұсынылған конкурстық жұмыстар қаралғаннан кейін алынған балдарды жалпы қорытындылау жолымен қорытынды баға шығарылды.

Жұмыс конкурсына қатысқаны үшін 1 орын және ең жоғары қорытынды баға «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ бейнеролигіне берілді;

2 орынды «Аққайың орман шаруашылығы» КММ иеленді;

3 орынды 2 қатысушы бөлісті: «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ, «Мамлют Орман шаруашылығы» КММ.

Бейнематериалдары төменде берілген сілтеме арқылы https://youtu.be/05QAO5cYTUU, https://youtu.be/LWTdcclNPJw, https://youtu.be/BZbD08w6qdU, https://youtu.be/cw0mlSGpyc0.