Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 37-бабының 2-тармағына сәйкес «Өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 43-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында белгiленген талаптарды қоспағанда, жер учаскесiнiң шекаралары өзгермеген жағдайда, ал шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесi үшiн шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi пайдалану мониторингiнiң нәтижелерi де болған кезде, осы Кодекстiң 43-бабында көзделген тәртiппен жаңа мерзiмге шарт жасасуға құқығы бар. Уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi жалға алу шартында көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетiлмесе, онда жалға алу шартының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi».
Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43-бабы 1-тармағына сәйкес, 44-1-бапта көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жерден, сондай-ақ сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
- жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтiнiштi (өтiнiмдi) қарауға қабылдау;
- сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау жатады;
- жер учаскесiн алдын ала таңдау (елдi мекен шегiнде объектiлер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде);
- жер комиссиясының қорытынды дайындауы;
- жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
- сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусiз) жер пайдалану шартын жасасу;
- жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу;
- елдi мекен шегiнде объектiлер салуға арналған жер учаскесiн қоспағанда, жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындау және беру.
Жер учаскесiн беру бойынша Сiзге жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органға жүгiну қажет.