Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы 22 қарашадағы №106 бұйрығына сәйкес балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiне қабылдау үшiн келесi құжаттарды тапсыру қажет:

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне:

1) нұсқа БЖСМ кеңсесiне:

  1. оқуға түсушiнiң ата-анасынан немесе заңды өкiлдерiнен еркiн нысандағы өтiнiш;
  2. оқуға түсушiнiң жеке сәйкестендiру нөмiрi бар туу туралы куәлiгi (сәйкестендiру үшiн);
  3. ата-анасының немесе заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);
  4. таңдаған спорт түрi бойынша сабақтарға жiберiлгенi туралы учаскелiк дәрiгер берген медициналық анықтама;
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 21579 болып тiркелген) бекiтiлген 031/е (Медициналық-әлеуметтiк сараптамаға қорытындыны мүгедектер ұсынады) нысандағы медициналық құжаттама.

2) нұсқа «электрондық үкiметтiң» веб-порталында www.egov.kz

  1. көрсетiлетiн қызметтi алушының (ата-анасының немесе заңды өкiлiнiң) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
  2. таңдаған спорт түрi бойынша сабақтарға жiберiлгенi туралы учаскелiк дәрiгер берген медициналық анықтамасының электрондық көшiрмесi;
  3. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 21579 болып тiркелген) бекiтiлген 031/е (Медициналық-әлеуметтiк сараптамаға қорытындыны мүгедектер ұсынады) нысандағы медициналық құжаттаманың электрондық көшiрмесi.