Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласы бойынша ақпарат
Мәдениет ұйымдарының желісі
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста 598 мәдениет және архив ұйымы жұмыс істейді, оның 517-сі мемлекеттік.
Анықтама: 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста 598 мәдениет және архив ұйымы жұмыс істейді, оның 517-сі мемлекеттік, 81-і жекеменшік. Атап айтқанда:
- клуб үлгісіндегі 270 мәдениет мекемесі (190 мемлекеттік, 80 жекеменшік);
- 318 кітапхана (317 мемлекеттік, 1 жекеменшік);
- 8 филиалы бар 4 мемлекеттік музей;
- 14 филиалы бар 1 мемлекеттік архив;
- 3 мемлекеттік театр;
- 1 облыстық филармония;
- тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі 1 мемлекеттік орталық.
2026 жылы 4 мәдениет нысаны ашылды:
1. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Чистов ауылдық мәдениет үйі;
2. Есіл ауданындағы Петровка ауылдық мәдениет үйі;
3. Күрделі жөндеуден кейінгі Теңдік ауылдық клубы;
4. Ақжар ауданы Құлыкөл ауылындағы демалыс орталығы.
2025 жылы негізінен ауылдық жерлерде 5 жаңа мәдениет нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде:
- 2 мәдени-сауықтыру орталығы:
- Айыртау ауданындағы Бірлестік мәдени-сауықтыру орталығы;
- Жамбыл ауданындағы Пресноредуть мәдени-сауықтыру орталығы;
- 2 ауылдық клуб:
- Ақжар ауданындағы Горьковский ауылдық клубы;
- Аққайың ауданындағы Астраханка ауылдық клубы;
- Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылындағы демалыс орталығы.
2025 жылы мәдениет нысандары жабылған жоқ.
Облыстың мәдениет саласында 3791 адам жұмыс істейді, оның 2637-сі ауылдық жерлерде еңбек етеді.
Жыл басынан бері облыстың мәдениет нысандарында 40 мыңнан астам (43 635) мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді.
- театрлар 385 спектакль қойылымын көрсетті.
Шығармашылық жетістіктер және халықаралық ынтымақтастық
- Биылғы 27 наурызда «Sensitive» би театрының «Ботай» пластикалық спектаклінің премьерасы өтіп, театр маусымының маңызды оқиғаларының біріне айналды.
«OY - PRODUCTION» режиссерлік тобымен бірлесіп, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен (270 млн теңге) «Ботай. Жоғалған әлемдер» көркем шытырман оқиғалы фильмінің түсірілімдері жүргізілді.
Анықтама: өңірде киноиндустрияның өзге бағыттары да белсенді дамуда. Өткен жылы «Қасқалдақ» драмалық фильмі мен «Алма» қысқаметражды комедиясының түсірілімдері аяқталды. «Қасқалдақ» фильмін шетелдік кинофестивальдерде таныстыру және кейін халықаралық прокатқа шығару жоспарлануда.
Биыл қазақстандық актер Азамат Сатыбалдының қатысуымен «Бұл махаббат» жаңа жылдық лирикалық фильмінің түсірілімдері өтті.
Сондай-ақ инвестиция көлемі 3 млн АҚШ долларынан асатын «Ноғай» атты бірлескен қазақстандық-түрік-грузин кино жобасын іске асыру мәселесі пысықталуда.
- 3 сәуірде Қазақстанның дәстүрлі поэзия өнерінің жетекші шеберлерін біріктірген республикалық ақындар айтысы өткізілді.
- 5 шілдеде Ұлттық домбыра күніне орай Петропавл қаласында домбырашылар шеруі өтті.
- 12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының үздік көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен «Үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2026» облыстық байқауының гала-концерті өтті.
Анықтама: байқау қорытындысы бойынша Гран-при иегеріне бас жүлде – автокөлік табысталды. I, II және III орын алған жеңімпаздар 3 млн, 2 млн және 1 млн теңгелік сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар Ермек Серкебаев және Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы сыйлықтар бойынша 500 мың теңгелік сертификаттар берілді.
- 5–13 шілде аралығында Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған V халықаралық «Qyzyljar Music Fest» музыкалық фестивалі өтті.
Анықтама: халықаралық «Qyzyljar Music Fest» фестивалі 2022 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын қатысушылар географиясы кеңейіп, оған Германия, АҚШ, Франция, Италия, Аргентина, Хакасия, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Сербия және басқа елдердің өкілдері қатысты.
- 26 шілдеде халықтар достығын нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған «QYZYLJAR SABANTUI – 2026» өңіраралық мерекесі өтті.
Анықтама: мереке бағдарламасына Ғ. Тукай бюстінің салтанатты ашылуы, «Мағжан орталығы» мәдени-ағарту орталығына бару, «Татар ауласы» этномәдени алаңының таныстырылымы, «QYZYLJAR SABANTUI - 2026» өңіраралық мерекесі және Қазақстан, Татарстан Республикасы мен ТМД елдерінің сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін біріктірген III халықаралық «Qyzyljar шеберлер мекені» фестивалі кірді.
- Шілде айының соңында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театры Болгарияның Варна қаласында өткен «Гармоника» халықаралық театр фестивалінде Солтүстік Қазақстан облысының атынан қатысып, Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасы бойынша қойылым ұсынды.
- Биыл 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Ұлыбританияның Кембридж қаласында Макдональд археологиялық зерттеулер институтының «Еуразия: ежелгі өзара байланыстарды зерттеудің жаңа бағыттары» халықаралық конференциясы аясында «Ботай. Ұлы дала мәдениеті» көрмесі ұйымдастырылды.
Ономастика жұмысы
Жол картасына Петропавл қаласының «Орман» шағынауданындағы 7 жаңа көше енгізілді. Қазіргі уақытта «Орман» шағынауданындағы 7 жаңа көшенің атауы қоғамдық тыңдауларда қаралып, бірауыздан қолдау тапты. Құжаттар топтамасы Республикалық ономастика комиссиясының қарауында.
Анықтама: №1 көше – Бейбітшілік көшесі; №2 – Самал көшесі; №3 – Арасан көшесі; №4 – Шалқар көшесі; №5 – Өркениет көшесі; №6 – Мереке көшесі; №7 – Бурабай көшесі.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында ономастика жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес «Тарихи тұлғалар» тізімін өзектендіру мақсатында облыстан 5 тұлғаның (Қайролла Мұқанов, Сабыр Мәліков, Павел Гончар, Аманжол Қошанов, Аяған Шәжімбаев) есімі ұсынылды. Олардың төртеуінің есімі (Аяған Шәжімбаевтан басқа) республикалық «Тарихи тұлғалар» жалпы тізіміне енгізілді.
Тіл саясаты
Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылуда.
2 ақпаннан бастап Тілдерді оқыту орталығында қазақ және ағылшын тілдерін үйрену курстары ұйымдастырылды.
Анықтама: қазақ тілін оқыту үшін 52 топ құрылып, қазіргі уақытта 986 тыңдаушы білім алуда, оның ішінде 661 мемлекеттік қызметші, 61 азаматтық қызметші, 57 медицина саласының қызметкері, 108 әскери қызметші, 15 банк қызметкері және 84 халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері бар.
Ағылшын тілін оқыту 7 топта ұйымдастырылған, онда 135 тыңдаушы білім алуда, оның ішінде 98 мемлекеттік қызметші, 21 азаматтық қызметші және 16 қала тұрғыны бар.
Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыс аудандары мен Петропавл қаласында ересектерге қазақ тілін үйрететін 73 топ ашылып, онда 942 тыңдаушы оқуда. Осы бағытты іске асыруға 2 млн 856 мың теңге бөлінді.
Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында қазақ тілін үйренуге арналған 429 тегін үйірме жұмыс істейді, оларға 4 мыңнан астам адам қатысады.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру үлесі 60,5%-ды құрайды.
2026 жылдың III тоқсанында мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 98,9%, кіріс құжаттарының үлесі 97,2% болды.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыс көлемінде өткізілетін іс-шаралар жоспары әзірленіп, оның аясында 200-ден астам іс-шара өтті.
Саланың басым жобалары
- С. Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына «Академиялық» мәртебесін беру;
- К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті өкілдігінің оқу ғимаратын салу;
- 1000 орындық концерт залын салу және Ақан сері атындағы облыстық филармонияны реконструкциялау;
- PANA UNIQUE QYZYLJAR жобасын іске асыру;
- «Ботай қонысын» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу;
- Қазақстан Конституциясы көшесін Гиннестің рекордтар кітабына енгізу;
- қазақ батырларының мұрасына тарихи-археологиялық және этнографиялық талдау жүргізу;
- «Қарасай-Ағынтай» мемориалдық кешенінде реставрация жұмыстарын жүргізу;
- Айыртау ауданы Никольское ауылында «Ботай» археологиялық базасына арналған модуль орнату;
- «Өнер» тұрғын үй кешенін салу;
- Қызылжар Music Fest жобасы (Пестрое).
2026 жылдың соңына дейінгі жоспарлар
2026 жылдың соңына дейін бірқатар маңызды мәдени іс-шара өткізу жоспарланған:
- Орталық Азия халықаралық театрлар фестивалі (1–6 желтоқсан);
- «Sensitive» би театрының 20 жылдығына арналған шығармашылық кеш;
- Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің Италияға гастрольдік сапары (11–13 қараша).