Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар:

  1. жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуының және тамақтан уланудың алдын алу, жануарларды күтіп-бағудың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық жағынан қолайлы аумақта;
  2. шектеу іс-шараларын немесе карантинді қамтитын, жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында бақылау аймағын, буфер (қорғаныш) аймағын қоса алғанда, эпизоотиялық ошақта және қолайсыз пунктте жүргізіледі.
  3. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар (профилактика, диагностика, жою) «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі — Тізбе) қосылған аурулар бойынша жүзеге асырылады.
Жарияланған күні

04 қараша 2024

Жаңарту күні

04 қараша 2024