Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуын жүргізу

Уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша Мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу. Веб-порталда жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруларды орналастыру. Конкурстық (аукциондық) құжаттама жобасын алдын ала талқылау қорытындылары бойынша жауаптар жасауға қатысу. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдерiн олардың бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан веб-портал арқылы қарау, оның iшiнде қайта қарау. Бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау. Мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша уәкiлеттi органмен, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператормен, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдарымен, мемлекеттiк сатып алу порталын техникалық қолдау қызметiмен және өзге де органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау.

Заңнамада көзделген жағдайларда сотқа талап-арыз жолдау. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Баспасөз релиздері

Барлық баспасөз релиздері

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Сатып алуды өткізу рәсімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) бойынша жүзеге асырылды. Қағидалардың 291, 292-тармақтарына сәйкес рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссия құрылмайды. Қағидалардың 293-тармағына сәйкес веб-портал конкурстық баға ұсыныстарын және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды айқындайды. Қағидалардың 297-тармағына сәйкес рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс қорытындылары 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының (бұдан әрі-заң) 25-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды. "Әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша беретін ақпараттың дұрыстығын уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, оның ішінде Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, Бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде белгілеуі мүмкін" Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында". "Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша дәйексіз ақпарат беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мұндай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы жазбаша хабардар етеді"Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес: - Тапсырыс беруші, егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін анықталса; - Бірыңғай ұйымдастырушы, егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін белгіленсе. Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қорытындылар шығарылғаннан кейін Тапсырыс беруші шаралар қабылдайды.