Мобильді азаматтар базасындағы нөмірді қалай ауыстырады?

Жарияланған күні: 22 сәуір 2022
Жаңарту күні: 22 сәуір 2022
Көру саны:6
Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген нөміріңізді ХҚО-ға бармай-ақ, өзіңіз ауыстыра аласыз.
Оның екі жолы бар:
- Еgov.kz порталындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз. Мәліметтеріңіз жазылған бұрыштағы телефон нөміріңізді «редакциялау» арқылы өзгертіңіз. Жаңа нөміріңізге түскен кодты енгізіңіз және ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.
Сіздің нөміріңіз жеке кабинетте және МАБ-да автоматты түрде өзгереді.
- Порталдың басты бетінде орналасқан виртуалды ассистентке видеоқоңырау шалыңыз. Байланысқа шыққан операторға өзіңіздің ЖСН-іңіз бен SMS-хабарлама алғыңыз келетін жаңа нөміріңізді айтыңыз.
Жаңа нөміріңіздің тіркелгені туралы сізге хабарлама жолданады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметі
Жарияланған күні
22 сәуір 2022
Жаңарту күні
22 сәуір 2022