Жәрдемақыға өтінішті қашан тапсыру керек?

Жарияланған күні: 22 сәуір 2022
Жаңарту күні: 22 сәуір 2022
Көру саны:3
Балалар жәрдемақысы келесі айда түсу үшін өтінішті үстіміздегі айдың 20-на дейін тапсыру керек.
Мысалы, егер сіз сәуір айының 20-на дейін тапсырсаңыз жәрдемақыны мамыр айында аласыз. Ал өтінішіңізді сәуір айының 20-нан кейін өткізсеңіз, әлеуметтік төлемдер мамыр айының бюджетіне бекітіліп үлгермейді, сондықтан жәрдемақы қолыңызға маусым айында тиеді.
Өтінішті:
- ХҚО арқылы;
- kz порталы арқылы;
- kz, Halyk HomeBank банк қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Толығырақ 1414 нөміріне хабарласып біле аласыз.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметі
Жарияланған күні
22 сәуір 2022
Жаңарту күні
22 сәуір 2022