БЖТ дегеңіміз не және оны қалай төлеуге болады?

БЖТ дегеңіміз не және оны қалай төлеуге болады?

Кәсібін ресми тіркемей-ақ, базарда өз бақшасында өсірген көкөнісін сатып, жеке көлігімен жолаушы тасып немесе оқушыларға қосымша білім беріп ақша тауып жүрген қазақстандықтар аз емес. Мұндай адамдарды «фрилансерлер», ал мемлекет тұрғысынан «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп атайды.

Олардың табысына салық салынбайды. Демек, кәсібі «көлеңкедегі» азаматтар керек кезінде әлеуметтік жәрдемақы ала алмайды.

Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санаты үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. БЖТ төрт төлемді біріктіреді. Олар:

  1. жеке табыс салығы;
  2. міндетті зейнетақы жарналары;
  3. әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар;
  4. мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар.

БЖТ төлеу арқылы азаматтарға базалық зейнетақы, медициналық қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Біріңғай жиынтық төлемді ай сайын қала тұрғындары — 1 АЕК, ауыл тұрғындары — 0,5 АЕК көлемінде төлейді.

БЖТ төлеушілері жұмысшы жалдай алмайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болуы тиіс. Сондай-ақ олардың бір жылғы табысы 1175 АЕК шегінен аспауы керек.

БЖТ кез келген банктің кассасында, Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Жарияланған күні

03 қараша 2021

Жаңарту күні

03 қараша 2021