Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатты қалай рәсiмдей алады

Жарияланған күні: 07 қазан 2021
Жаңарту күні: 07 қазан 2021
Көру саны:6
Егер сiз шетелде оқып жатсаңыз, жұмыс iстесеңiз немесе тұрып жатсаңыз және ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға қайтудың қажетi жоқ. Ол үшiн сол елдегi ҚР елшiлiгiне немесе консулдығына хабарласып, келесi құжаттарды ұсынсаңыз болғаны:
- өтiнiш;
- жеке басын куәландыратын құжат:
төлқұжатты ауыстыру үшiн — ҚР азаматының төлқұжаты;
16 жасқа толмаған болса — туу туралы куәлiк, ата-анасының бiрiнiң жеке басын куәландыратын құжаты мен екiншiсiнiң нотариалды рұқсаты; - өлшемi 3,5х4,5 түрлi-түстi 4 фотосурет;
- тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс iстеу фактiсiн, отбасы жағдайын растайтын, медициналық анықтама (түпнұсқа және көшiрме);
- консулдық төлем түбiртегi.
Бұл қызмет түрi ҚР Цифрлық даму, Iшкi iстер және Сыртқы iстер министрлiктерiнiң бiрлескен жұмысының арқасында қолжетiмдi болды.
Қызмет көрсету мерзiмi — 80 күнтiзбелiк күн.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметi
Жарияланған күні
07 қазан 2021
Жаңарту күні
07 қазан 2021