Тұрақты тұру орнын өзгерту үшiн қандай құжаттарды рәсiмдеу қажет?

Жарияланған күні: 02 қыркүйек 2021
Жаңарту күні: 02 қыркүйек 2021
Көру саны:3
Өмiрiмiздi түбегейлi өзгертер маңызды шешiмдердi қабылдауға тура келетiн кездер болады. Осындай шешiмдердiң бiрi — басқа елге тұрақты тұруға көшу. Егер тұрақты тұру орнын өзгертем десеңiз арнайы құжаттарды рәсiмдеу қажет. Мұны ХҚО-ға жүгiну арқылы жасауға болады. Ол үшiн келесi құжаттарды ұсыну керек:
- өтiнiш-сауалнама
- жеке куәлiк және паспорт, 16 жасқа дейiнгi балалардың туу туралы куәлiгi
- егер Қазақстан аумағында заңды түрде асырауыңыз мiндеттi отбасы мүшелерi қалатын болса, алимент төлеу туралы келiсiм
- көшу туралы шешiм қабылдаған кезде он жасқа толмаған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық мекемесiнiң қорытындысы
- егер ата-ананың бiрi 18 жасқа толмаған баламен тұрақты тұруға көшсе, екiншi ата-ананың нотариалды келiсiмi
- мемлекеттiк бажды төлеу туралы чек
Қызмет көрсету мерзiмi — 20 жұмыс күнi, құны — 1 АЕК
Қадамдарыңызды ой таразысына салып, дұрыс шешiм қабылдаңыз!
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi
Жарияланған күні
02 қыркүйек 2021
Жаңарту күні
02 қыркүйек 2021