Баланы балабақша кезегiне онлайн қою

Тамыз — ата-аналар үшiн қарбалас уақыт. Балаларды мектепке немесе балабақшаға орналастыратын кезең.

Баланы балабақша кезегiне қою қазiр өте оңай — құжаттарды бiрнеше платформа арқылы онлайн беруге болады, оның iшiнде Egov порталы да бар. Сiзге бұл үшiн интернетке қосылған гаджет те жеткiлiктi.

Мұны Egov.kz порталы арқылы қалай жасауға болатындығы туралы нұсқаулық:

  1. Порталда авторизациядан өтiңiз, "Мектепке дейiнгi ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" қызметiн таңдаңыз
  2. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өтiңiз;
  3. Өтiнiмдi толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз(МАБ-та мiндеттi түрде тiркелу керек).
  4. Жеке кабинетте ("Қызметтердi алу тарихы "бөлiмiнде) өтiнiмiңiздiң өңделуi туралы хабарламамен танысыңыз.

Өтiнiмдi толтыру кезiнде сiз өзiңiздiң (ата-ана немесе баланың заңды өкiлi) кiм екенiңiздi көрсетуiңiз қажет. Бұдан кейiн кезек түрiн, реттiк нөмiрiн, мектепке дейiнгi ұйымға жолдама нөмiрiн, өз өңiрiн, ауданын/қаласын, мектепке дейiнгi мекеменiң түрi мен атауын, оқыту тобы мен тiлiн көрсете отырып, деректердi толтыру қажет болады.

Өтiнiмге баланың денсаулық паспортының және баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманың сканерленген көшiрмелерiн мiндеттi түрде тiркеңiз.

Қызмет алу тегiн. Қызмет көрсету мерзiмi — 30 минут.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi

Жарияланған күні

12 тамыз 2021

Жаңарту күні

12 тамыз 2021