Көлiк құралдарының техпаспортын қалай қалпына келтiруге болады

Көру саны:6
Осыдан бiраз уақыт бұрын қазақстандық жүргiзушiлер жүргiзушi куәлiгiмен техпаспортты өзiмен бiрге алып жүру мiндеттiлiгi алынып тасталды. Бар болғаны жеке куәлiгi болу жеткiлiктi.
Алайда егер сiз өз көлiгiңiздi сатқыңыз келсе немесе оған жөндеу үшiн кейбiр бөлшектердi iздесеңiз, онда құжаттар мiндеттi түрде қажет болады. Кейде әртүрлi ТҚКС-ны аралап, адамдар техпаспортын жоғалтып жатады.
Бұл жағдайда тез қалпына келтiру үшiн оңтайлы шешiм бар. Ол үшiн мамандандырылған ХҚО-ға барып, төмендегi құжаттармен жүгiну қажет:
- Өтiнiш;
- Жеке куәлiк;
- Техпаспортты бергенi үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртек.
Қызмет құны 1,25 АЕК немесе 3647 теңге. Жаңа техпаспорт 1,5 сағаттан кейiн дайын болады да, сiз оны бiрден алып кете аласыз.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi
10 тамыз 2021
10 тамыз 2021