Мемлекеттік қызметтер
Көру саны:17
Хабарландыру
«Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту орталығы» КММ-нiң мемлекеттiк қызметтердi ұсыну жөнiндегi қызметi туралы есептi қоғамдық талқылау туралы
Халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттiк қызметтердi ұсыну жөнiндегi қызмет туралы есептi қоғамдық талқылаулар өткiзгенi туралы хабарлайды.
3 маусымда, сағат 10.00-де, Уалиханов көшесi, 17 мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығында дөңгелек үстел өтедi, онда сiз сапалы және қол жетiмдi, үнемдiлiк және тиiмдiлiк тұрғысынан мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы түсiнiктемелерiңiздi, ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.
Қоғамдық талқылауларға мыналар тең шарттар бойынша қатыса алады:
- үкiметтiк емес және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi
- Азаматтар
- заңды тұлғалар, ұйымдық-құқықтық нысанына, меншiк нысанына, капиталдың орналасқан жерi мен орнына қарамастан
- БАҚ өкiлдерi
- ғалымдар, сарапшылар
- орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың, жергiлiктi билiк органдарының өкiлдерi
Барлық мүдделi тараптардан қатысуларыңызды сұраймын!
- «Жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгi туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (ZIP 27 Kb)
- «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (ZIP 25 Kb)
- «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (ZIP 29 Kb)
07 маусым 2021
07 маусым 2021