Тимирязев аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/1 «2023-2025 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінін жобасы

Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2023-2025 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2022жылғы 23 желтоқсандағы № 17/1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 2 759 374,8 мың теңге:

салықтық түсімдер – 639 015мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 143 686,4 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1 976 673,4мың теңге;

2) шығындар – 2 915 745,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 21 300 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 41 400 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 20 100 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 177 670,7мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін                                 пайдалану) – 177 670,7мың теңге:

қарыздар түсімі – 41 400 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 20 100 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 156 370,7 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарияланған күні

30 мамыр 2023

Жаңарту күні

30 мамыр 2023