Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарын өткізудің 2023 жылға арналған ЖОСПАРЫ

«БЕКІТЕМІН»
Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
төрағасы-аудан әкімі
_________________ Е. Жаров
«____» қаңтар 2023 жылы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарын өткізудің 2023 жылға арналған ЖОСПАРЫ

1 тоқсан 

  1. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы.

(«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы)

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дзержинский ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік этика нормалары және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы.

(Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дзержинский ауылдық округінің әкімі)

  1. Мемлекеттік қызметшілердің негізсіз баюы үшін жауапкершілігі туралы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі бойынша әлеуметтік сауалнама нәтижелері.

         (Аудан әкімі аппаратының басшысы) 

2 тоқсан 

  1. Бақылауды ұйымдастыру бойынша: жер учаскелерінің берілуіне, жасалған шарттар талаптарының орындалуына, жерді сату (аукцион) өткізу.

(«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы)

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік этика нормалары және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы.

(Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округінің әкімі) 

3 тоқсан

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік этика нормалары және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы.

(Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі)

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы.

(«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры) 

4 тоқсан 

  1. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік органдарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы.

(«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы)

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкий ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік этика нормалары және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы.

(Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкий ауылдық округінің әкімі)
Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның хатшысы Б. Бектасова

1. Қажетті материалдарды қарауға дайындауды Комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.2. Комиссия отырыстарының нақты күні мен уақыты бөлек кесте бойынша қосымша белгіленеді.3. Қажет болған жағдайда күн тәртібіндегі мәселелер түзетілуі мүмкін.

Жарияланған күні

12 қаңтар 2023

Жаңарту күні

12 қаңтар 2023